Тілеуберген Жұмамұратов мұрасының болашақ журналисттердің шығармашылық ойын дамытудағы мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v70.i4.4Кілттік сөздер:
журналист, шығармашылық, көркем шығармашылық, дүниетаным, шеберлік.Аннотация
Кез келген қоғамның күші – білім. Журналистік білім мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуында шешуші күшке ие. Ғылыми мақаланың мақсаты мен негізгі идеясы – журналистика факультетінің студенттеріне шығармашылық эрудиция, құндылық бағдар, шығармашылық және әлеуметтік ойлау сияқты қасиеттерді меңгертуде көркем әдебиеттің маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы – көркем әдебиет – қоғам мен жеке тұлғаның мәселелерін концептуалды ұғынуды қамтамасыз ететін ұлы рухани күш, бірақ бұл маңызды негіздің шығармашылыққа әсері ашық немесе зерттелмеген жағы болып қалмақта. Оған дәлел – шығармашылық туралы ғылыми ой-пікір «Бүкіл тарихи даму кезеңінде шығармашылық туралы философиялық ойлар айтарлықтай өзгерді. ...Осы категория бойынша зерттеудің әрбір келесі кезеңі өз бойында да, адамның дербес шығармашылық әрекетінің мүмкіндіктерінде де танымымызды байытып, кеңейте түсті». (Яголковский С.Р., 2007). Бұл көзқарас жаңа шындықты түсіндірудің маңыздылығын көрсетеді және осы зерттеу тақырыбының құндылығын растайды.
Зерттеу нысаны Тілеуберген Жұмамұратовтың (1915-1990) мұрасы болды. Т.Жұмамұратов Өзбекстан мен Қарақалпақстанның халық ақыны, Бердақ атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Халықтар достығы» ордендерінің иегері, көптеген елдердің медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол көп жыл бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген, Қарақалпақстан Жазушылар одағының бас консультанты болған, жас авторлармен жұмыс жасауда мол тәжірибеге ие болған. Шығармашылық тұлғаның қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі туралы көптеген нұсқаулар, поэтикалық тағылымдар жазған. Зерттеу әдістемесі – жоғары оқу орындарында шығармашылық кадрлар мен журналистерді даярлауға қатысты бірқатар мәселелерді шешуге көмектесетін осы материалдарды зерделей отырып, рухани және дүниетанымдық тәжірибелердің шығармашылық үдерістегі дағдылар мен білімдерді бекітуге әсерін түсіну. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, болашақ журналистің ақыл-ойының, жан дүниесінің, шеберлігінің шынайы кемелденуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың рухани-адамгершілік негіздері мен заманауи жоғары технологияларды саналы түрде басқаруы деген қорытындыға келуге болады. Based on the results of the study, it is concluded that the spiritual and moral foundations and conscious management of modern high technologies are important factors in ensuring the true maturity of the mind, soul and skill of the future journalist.
Библиографиялық сілтемелер
Avezov M. “Misli raznix let [Thoughts of different years].” Alma-Ata, (1961): (Мыслы разных лет)
Auezov М. “On eki tomdik shigarmalar jinagi [Work in 12 volume collection].” Alma-Ata, Writers’ Print, (1967–1969): (Он екі томдық шығармалар жинағы)
Burgess, A. (ed) (1986) ‘Introduction’ in Daniel Defoe, A Journal of the Plague. Year, [1722], London: Penguin.
Campbell K. (ed) (2004) [2000] Journalism, Literature and Modernity, Edinburgh: Edinburgh University Press.
Carey J. (ed.) (2003) [1987] The Faber Book of Reportage, London: Faber.
Edition from Frolova I.T. “Filosofskiy slovar [Philosophical dictionary].” Politizdat, (1986), (Философский словарь/под. ред. Фролова И.Т. – 5-е изд. – М.)
Jumamuratov T. “Omirinnin ozi filosofiya [Life is a philosophy itself].” Nukus. (2005, 288-89): (Ѳмириннин өзи ‒ философия)
Jumamuratov T. “Qoljazba [Manuscript].” From poet’s home archive. (1995): (Қолжазба). Access date: 17.10.2023.
Jumamuratov, Tleubergen biography, Awards and titles. [An electronic resource]. Access mode: http://jumatleu.uz›index.php?id=biografy. Access date:30.11.2023.
Maqsetov Q. “Qaraqalpaq folkloristikasi [Karakalpak folklore].” Nukus, (1989): (Қарақалпақ фольклористикасы).
Materials from http://jumatleu.uz (Jumamuratov Tleubergen Kupbatulla uly, Biografia [Biography].”(1915-1990): (Биография)
Paxratdinov A. “Xaliq shayirlarinda shayirliqtin kelip shigiui tariyxinan [From the history of emergence of poetics in folk poets].” Nukus, (1980): (Халык шайырларында шайырлыктын келип шығыу тарийхынан).
Yagolkovskiy S.R. «Psikhologiya. Kreativnosti i innovatsiy» [Psychology. Creativity and innovation]. Textbook. M., Publishing house of the State University Higher School of Economics 2007, p.7.