YouTube парсингі – азаматтық ұстанымды талдау құралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.6
        92 81

Кілттік сөздер:

азаматтық журналистика, азаматтық ұстаным, YouTube, түсініктемелер, парсинг, сөз жиілігін талдау, көңіл-күйді талдау.

Аннотация

Ғылыми зерттеудің мақсаты Қазақстандағы қоғамдық пікірдің әр алуандығын талдау болып табылады. Осы қызметтің ашықтығына, тәуелсіздігіне және танымалдылығына байланысты зерттеу платформасы ретінде Youtube таңдалды. Ғылыми және практикалық маңыздылығы Қазақстанның арнайы әдебиетіндегі осы тақырыптың жеткіліксіз зерделенуімен, мәтінді шығарудың автоматтандырылған құралдарында да толық  пайдаланбайтындығымен анықталады. Бұл жұмыс азаматтардың нақты пікірлері мен қажеттіліктері негізінде билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді стратегияларын құру үшін жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы: авторлар парсинг арқылы Қазақстанда жақында танымал болған тәуелсіз азаматтық журналист Асхат Ниязовтың негізгі бейнероликтерінің біріне түсініктеме берді. Деректер жиынтығы сөздердің жиілігі мен өзара байланысын, сондай-ақ мәтіндегі әралуан мазмұнға орай талдауға ұшырады.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары: зерттеу нәтижелері бойынша көптеген комментаторлардың бейнероликтің мазмұнына және /немесе талқыланатын тақырыпқа жалпы оң көзқарасы бар екені анықталды, Астана әкімінің қызметі оң бағаланады, контент аудиторияның қызығушылығымен қатар қолдауын тудырады.

 Жүргізілген зерттеудің құндылығы: зерттеу Қазақстандағы YouTube желісін пайдаланушылардың пікірлерінің, реакцияларының және көңіл-күйлерінің әртүрлілігін анықтайды. Түсініктемелерді талдау талқыланатын саяси және экологиялық мәселелердің өзектілігін және аудиторияның диалогқа деген қажеттілігін көрсетеді. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы: зерттеу қоғамдық пікірді түсіну, азаматтардың өзекті тақырыптарды талқылауға қатысу белсенділігін анықтау, сондай-ақ журналистер мен мазмұнның қоғамдық көңіл-күйді қалыптастыруға әсерін бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін.

Авторлардың биографисы

A. M. Yeleussizova, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

(корреспондентный автор) – докторант кафедры печати и издательского дела Евразийского Национального Университета им Л.Н. Гумилева (г. Астана Казахстан, эл.почта: aygelova_altynay@mail.ru);

A. K. Ishanova, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

доктор филологических наук, профессор кафедры печати и издательского дела Евразийского Национального Университета им Л.Н. Гумилева (г. Астана Казахстан, эл.почта: ishanova87@mail.ru);

Библиографиялық сілтемелер


Жүктелулер

Как цитировать

Yeleussizova, A. M. ., & Ishanova, A. K. (2024). YouTube парсингі – азаматтық ұстанымды талдау құралы. Журналистика сериясы, 71(1), 56–66. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.6

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.