Қазақстандық PR-агенттіктерінің PR-түлектерінен күтетін кәсіби дағдылары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.2
        35 34

Кілттік сөздер:

Қазақстандағы қоғаммен байланыс, PR дағдылары, қазақстандық PR агенттік- тері, бастапқы деңгейдегі PR түлектері, PR білім.

Аннотация

Бұл зерттеу Қазақстандағы PR-мамандардың, яғни ЖОО түлектерінің осы кәсіби саладағы заманауи талаптарға сәйкес келетіндігі туралы жан-жақты зерттеулердің жоқтығын ескере отырып жасалып отыр. Зерттеу Қазақстандағы PR-білім берудің негізгі проблемаларын баса көрсете отырып, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың қанағаттану деңгейін және PR-компаниялардың түлектерінің құзыреттілігі туралы пікірлерін зерделеуге бағытталған. Әлемге прагматикалық көзқараспен қарай отырып, зерттеу сапалы әдістемелерді, соның ішінде құжаттарды талдауды және бастапқы деңгейдегі түлектерді жалдау тәжірибесі бар PR агенттіктерінің басшыларымен құрылымдық сұхбаттарды қолданды. Алынған нәтижелер қазақстандық университеттерден PR-агенттіктердің күтетін кәсіби қабілеттері туралы, атап айтқанда, еңбек нарығында қажетті дағдылар туралы түсінік береді.

Қоғаммен байланыс мамандары жауапкершіліктің, ынтымақтастықтың, бастамашылықтың, стрессті және уақытты басқарудың маңыздылығын атап өтті. Тиімді байланыс пен ынтымақтастық клиенттерге қызмет көрсету нәтижелеріне әсері үшін ерекше қажет. Техникалық дағдылар: негізгі құзыреттерге деректерді талдау, фотосуреттер мен бейнелерді өндіру/өңдеу, деректерді басқару және іздеу жүйесін оңтайландыру (SEO) кіреді. Кәсіби дағдылар: негізгі дағдылар копирайтинг, әлеуметтік медиа мазмұнын құру, БАҚ-пен өзара әрекеттесу үшін материалдарды әзірлеу және сандық және сапалық деректерге негізделген шешімдер қабылдау болды. Дегенмен, бұл зерттеу PR агенттіктерінің күтулері мен бастапқы деңгейдегі түлектердің нақты дағдылары арасындағы алшақтықты анықтады. Аталған кемшіліктерге практикалық тәжірибе тағылымдамадан өту мүмкіндіктерінің болмауы, сондай-ақ тиісті салада тәжірибесі бар білікті оқытушылардың жетіспеушілігі кірді, бұл түлектердің PR саласындағы тәжірибелік дағдылары- ның жеткіліксіздігіне және қажетті қабілеттерді игеруіне ықпал етті. Зерттеуде авторлар PR- агенттіктердің қазақстандық университеттердің қоғаммен байланыс бойынша түлектерінің да- йындау деңгейіне ықпалын зерттеді. Сұхбат нәтижелері студенттердің өз жұмысына жалпы оң көзқараспен қарайтынын және университеттердің техникалық дағдыларды дамыту қабілетіне сенімді екенін көрсетті. Университеттер мен PR агенттіктері арасындағы ынтымақтастық жоға- ры деңгейде дайындалған қоғаммен байланыс мамандарын даярлау үшін шешуші фактор болып саналады.

Автордың биографиясы

М.Н. Филипов, КИМЭП Университеті, Казақстан, Алматы қ.

Милен Филипов - PhD, проф. КИМЭП Университетінің Медиа Және Коммуникациялар Кафедрасында (Алматы, Қазақстан, e-mail: mfilipov@kimep.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Филипов M. (2024). Қазақстандық PR-агенттіктерінің PR-түлектерінен күтетін кәсіби дағдылары. Журналистика сериясы, 73(3), 16–28. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.2

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.