Әлеуметтік желілерде қақтығыс тақырыбы қалай жарияланады? Қазақстандық «ORDA» және «Kazinform» Telegram арналары мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.5
        82 90

Кілттік сөздер:

қақтығыс, әлеуметтік желі, контент, Telegram, медиа, мессенджер.

Аннотация

Бұл зерттеу Telegram арналардың ақпаратты таратудағы және қақтығыс тақырыптарын қамтудағы тәуелсіз құрал ретіндегі рөлін айқындайды. Арнайы таңдалған Telegram арналардың, атап айтқанда, мемлекеттік және тәуелсіз арналардың мазмұнына талдау жүргізілді. Ғылыми жұмыс таңдалған арналардағы контенттің ерекшеліктерін, тілшілердің ұстанатын позициясын, тілдік ерекшеліктерді, стилін анықтауға бағытталған.

Мақаланың негізгі идеясы заманауи Қазақстандағы медиакеңістіктегі Telegram рөлін анықтау, соның ішінде қақтығыстар тақырыбын қалай көтеретінін зерделеу. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіз ORDA және мемлекеттік Kazinform қазақстандық Telegram арналарындағы қақтығыстар туралы ақпараттың ерекшеліктерін анықтау.

Әлеуметтік медиаға сұраныс артқан тұста бұл арналардағы ақпарат қоғамдық пікір мен аудиторияны ақпараттандыруға қаншалықты әсер ететінін білу үшін бұл зерттеу өзекті әрі маңызды.

Айта кетейік, Telegram Қазақстанда алғаш іске қосылғаннан бері, яғни 2017 жылы қолжетімді болды. Ол әрбір пайдаланушы деректерінің қауіпсіздігіне жауап беретін функциялардың арқасында қолданушылар арасында сенімге ие болды.

Аталған Telegram арналар мысалында әлеуметтік желідегі қақтығыс тақырыбын талдау мақсатында сапалық әдіс қолданылды. Тақырыптық талдау қайталанатын форматтар, фреймдер,

Зерттеу нәтижелері Telegram арналарының тәуелсіз медиа құралы ретіндегі сипаттамалары- на және олардың қақтығысқа қатысты тақырыптарды қамтудағы рөліне негізделген. Жұмыстың нәтижелері конфликт тақырыптарын қамту және жазу әдістерінің айырмашылығын анықтады. Арналардың ашылуынан бастап 2024 жылдың наурызына дейінгі контентті саралай келе, тәуел- сіз арналар әртүрлі көзқарастар тудыратын контентті жасайтыны анықталды, ал мемлекеттік арналар көбінесе қақтығыстарға қатысты тақырыптардан аулақ болып, оқиғаларды жағымды, позитивті етіп көрсетеді.

Зерттеу конфликт оқиғаларын қамтыған тақырыптарды жазу және хабарлау тәсілдері тура- лы құнды ақпаратты ұсынады және ақпарат таратудағы жауапкершіліктің маңыздылығын көр- сетеді. Осылайша академиялық процесс пен тәжірибелі журналистер үшін жұмыс практикалық тұрғыда құнды деуге болады.

Зерттеудің нәтижелері әртүрлі осы салаға қызығушылығы бар тұлағалар үшін, атап айтқанда, журналистер, медиа сарапшылар, саясаттанушылар және қоғам белсенділері үшін практикалық маңызы бар.

Авторлардың биографисы

Н.М. Муса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Муса Назерке Молжанқызы – (корреспондент автор), докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, e-mail: nazerkeden@gmail.com);

Қ.Н. Мысаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, (Алматы, Қазақстан, e-mail: myssayeva.kn@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Муса N. ., & Мысаева K. . (2024). Әлеуметтік желілерде қақтығыс тақырыбы қалай жарияланады? Қазақстандық «ORDA» және «Kazinform» Telegram арналары мысалында. Журналистика сериясы, 73(3), 54–64. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.5

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.