CCTV-1 телеаарнасының медиаүрдістері: әртараптандыру, интерактивтілік және дербестендіру
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.6Кілттік сөздер:
интерактивтілік, инновация; Қытай орталық телевизиясы, цифрландыру; кросс-платформалық стратегиялар; мультимедиа.Аннотация
Бүгінгі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына орай, CCTV-1 бағдарламалары әртараптандырудың, интерактивтіліктің және жеке дербестендірудің жаңа тенденцияларын көрсетуде. Мысалы, платформалық хабар тарату, бағдарламалық мазмұнды әртараптандыру, бағдарламалар мен аудитория арасындағы интерактивтілікті арттыру, жекелендірілген бағдарламалар және т.б. Зерттеудің мақсаты CCTV-1 (Қытай Халық Республикасының Орталық Телевизиясы) бағдарламаларының жаңа бағыттарын зерттеу және олардың дәстүрлі БАҚ-қа әсерін талдау юолып табылады. Бағдарламалар әр түрлі аудитория топтарының қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін тақырыптар мен форматтардың кең спектрін қамтиды. Бұл жаңа тенденциялар CCTV-1 бағдарламаларының сапасы мен стандартын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар бағдарламалардың тартымдылығы мен әсерін арттырады. Зерттеу әдістемесі цифрландырудың артықшылықтарын пайдаланудың аналитикалық тәсілі мен мазмұнды ұсынудың және мақсатты аудиторияны тартудың инновациялық және дәстүрлі тәсілдерін салыстыруға негізделген. Цифрландыру аясында CCTV-1 бағдарламаларының жаңа тенденциясы нарықтық бәсекелестік, контенттегі инновациялар және технологияларды қолдану сияқты мәселелерге тап болады. Зерттеу нәтижесінде CCTV-1 бағдарламалары цифрлық дәуірдегі аудиторияның қажеттіліктері мен сұраныстарына бейімделу үшін технологиялық инновацияларды күшейту, интеллектуалды мазмұнды тереңдету, интерактивті арналарды кеңейту және цифрлық трансформация жағдайында бренд құруды нығайту керек екендігі анықталды. Бұл мақалада кросс-платформалық стратегияларды енгізу және интерактивтілікті арттыру үшін практикалық маңызы бар цифрландыру жағдайында CCTV-1 бағдарламаларының жаңа тенденциялары талданды.