Медиа және коммуникация технологияларының көрінбейтін күші: қазақстандық балалардың АҚШ-та дижитал ойындармен өзара әрекеттесу аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.7Кілттік сөздер:
цифрлық медиа және технологиялар, онлайн-коммуникация, Қазақстан, АҚШ.Аннотация
Онлайн-коммуникацияға деген қызығушылық өз ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, көп адам уақыт өткізу үшін, өмірлік қажеттіліктеріне қарай немесе әлеуметтік белсенділік, пайдалы дүниелермен бөлісу сияқты себептермен онлайн өмірге уақыт арнайды. Зерттеу жұмысының авторы өз ұлдарының АҚШ-тағы, яғни жаңа мәдени ортадағы, дижитал коммуникация тәжірибесін талдайды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстандық балалардың АҚШ- тағы құрдастарымен тиімді қарым-қатынас орнату барысындағы медиа және коммуникациялық технологиялардың рөлін анықтау. Бұл ретте автор келесі теориялық және практикалық міндеттерді алға қояды: a) деректерді талдау негізінде «теорияны негіздеу әдістемесін» (grounded theory) пайдалана отырып, қазақстандық балалардың неліктен өз құрдастарымен шынайы кеңістікте емес, виртуалды әлемде қарым-қатынас жасағанын түсіндіретін эксперименталды идеяны қалыптастыру және негіздеу; b) цифрлық ойындардағы балалардың өзара байланысын нақты мысалға алып, медиа және коммуникациялық технологиялардың американдық балалармен қарым-қатынас орнатудағы рөлін көрсету. Автор цифрлық ойындардағы балалардың өзара байланысын талдай отырып, бақылау және терең сұхбат әдістерін пайдаланып, виртуалды әлем қазақстандық балаларға оффлайн-қарым-қатынасқа жол ашуға қалай ықпал ететіндігін зерттеді.
Бұл жұмыстың ғылыми құндылығы – авто-этнографиялық талдау «пайдалану және қанағат- тандыру теориясы» (Uses and Gratifications Theory) саласындағы медиа мен технологиялардың мәдениет аралық коммуникациядағы рөлі тұрғысында пәнаралық зерттеулердің дамуына үлес қосады. Зерттеу барысында американдық балалардың мектептен кейін жиі онлайн кеңістікте болғаны анықталды. Сондықтан Қазақстандық балалар үшін жаңа мәдени ортада мектептегі достарымен «қызықты және динамикалық коммуникацияға» қол жеткізудің кең тараған тәсілі көбінесе Ғаламтор арқылы ғана мүмкін болды. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы – бала- лардың онлайн-коммуникация арқылы жаңа ортамен етене жақын араласуда цифрлық медиа мен коммуникациялық технологиялардың рөлі тұрғысынан бұл зерттеу нәтижелері жаңа көзқарас ұсынады.