Жаңа коммуникациялық ортада жастардың оқу мәдениетінің өзгеруі мен Қазақ тілін қолдану ерекшеліктері

Авторлар

  • Ұ.М. Есенбекοва Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0001-8859-551X
  • А.А. Сыздықова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0009-0009-8818-744X

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.8
        124 79

Кілттік сөздер:

жаңа дәуір, оқу мәдениеті, медиа тілі, жастар, кітап оқу, цифрлық коммуникация.

Аннотация

Бұл мақалада жастардың кітап оқу мәдениетіндегі өзгерістер мен қазіргі коммуникациялық ортадағы қазақ тілінің қолданыс ерекшеліктері талданған. Зерттеу жұмысында технологиялық жаңарудың әсерінен жастардың оқу дағдыларының өзгеруі, олардың дәстүрлі баспа, телевизия мен радио түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда цифрлық форматтағы контентке басымдық беруі сарапталды.

Медиа-орта үнемі өзгеріп, тілдің лексикалық байлығына жаңа тенденциялар әсер ететіндіктен, бұл мақала жастардың қазақ тілін қолданудағы ерекшеліктерін жан-жақты талдауға арналды. Мақалада әлеуметтік медиа, цифрлық платформалар мен мобильді қосымшалар жастардың кітап оқуға деген ынтасы мен ақпаратпен қарым-қатынасын қалай өзгерткені көрсетіледі. Сонымен бірге, жаңа коммуникациялық технологияларға бейімделе бастаған жас ұрпақтың лингвистикалық мұраны сақтау жөніндегі көзқарасы анықталып, цифрлық медиадағы қазақ тілінің рөлі қарастырылды.

Арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне сүйенген авторлар жастардың кітап оқуға деген, оқитын кітаптарының мазмұнына байланысты өзгерістерді технологиялық дәуірдегі басты тенденциялармен байланыстыра отырып анықтады. Қазақ тілінің жаңа медиа-ортадағы қолданыс ауқымы да соңғы онжылдықта жылдам өзгерген медиа ландшафт пен Қазақстандағы тіл мен цифрлық медиа арасындағы өзара белсенді әрекеттестіктерге тәуелді екені тұжырымдалды. Бұл зерттеудің мақсаты – ғаламдық ақпарат кеңістігіндегі процестердің қазақ жастарының оқу мәдениеті мен тілді қолдануына ерекше ықпалы туралы жан-жақты түсінік беру болды. Негізгі қорытындылар жастар арасындағы цифрлық форматтағы оқуға айтарлықтай бетбұрысты және қазақ тілінің заманауи коммуникациялық платформаларға интеграциялануын қолдайтын

стратегиялар қабылдаудың қажеттілігін көрсетті.

Зерттеудің қорытынды тұжырымдарында технологиялық дамудың ықпалымен жастардың кітап оқу мәдениеті төмендегені, қазақша кітап оқитын жастардың үлесі орысша кітапты таңдайтын жастардың санынан аз екені дәлелденді. Авторлар жастарға қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің жетіспеушілігін шешу жолдарын да ұсынды.

Авторлардың биографисы

Ұ.М. Есенбекοва, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы (корреспондентті автор) – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры м.а. (Астана, Қазақстан, электр. пошта: ultmudde@mail.ru);

А.А. Сыздықова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Сыздықова Аида Аманқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты, Қазақстан, Астана, e-mail: aidaamanqyzy@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Есенбекοва Ұ., & Сыздықова, А. (2024). Жаңа коммуникациялық ортада жастардың оқу мәдениетінің өзгеруі мен Қазақ тілін қолдану ерекшеліктері. Журналистика сериясы, 73(3), 84–112. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.8