Цифрлық коммуникацияның «өшпенділік тіл» медиадискурсы: әлеуметтік медиа кейстері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.9Кілттік сөздер:
«өшпенділік тіл», электрондық мәтіндер, сандық платформалар, медиадис- курс, жеке бренд, ақпараттық вакуум.Аннотация
Мақала «Фейсбук» және «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде орын алған өшпенділік тілдің дәстүрлі формаларының имплементация феноменін зерттеуге арналған. Атап айтқанда, өшпенділік белгілерін қамтитын мәтіндердің мазмұны мен стилі, шеңберлік нормативтік құжаттардың аспектілері және электронды коммуникациядағы тілдік агрессияның негізгі ұғымдары талданады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жеке бренд құру, негативті пікір тарату, айыптау, жала жабу, оппоненттермен агрессивті түрде сөйлесу арқылы аудиторияның назарын аудатаратын құралдар жинағын қалыптастыру мақсатында «өшпенділік тіл» тұжырымдамасы мен медиа дискурсының экстраполяциясы жүргізілді.
Зерттеу мақсаты – әлеуметтік маңыздылығы бар заманауи контенттің әсерін әлеуметтік желі мәтіндеріндегі стилистикалық және лингвистикалық құбылыстар арқылы бақылау; сонымен қатар, автор бұл құбылыстың себептерін және интернетте кездесетін өшпенділік тілдің күшеюіне қарсы тұру шараларын қарастыруға тырысты. Автор контрпозияның дискуссиялық тұстарын қамтитын «өшпенділік тілдің» құқықтық табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіну қажеттілігі туралы идеяны алға тартады: пікір білдіру бостандығы кез келген пікірді
формаларды таңдауда ( тіпті агрессивті немесе жеккөрінішті) негіздеме бола алмайды / бола алады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы мен құндылығы әлеуметтік медианы бақылау мен тал- дау және бар ақпаратты жүйелеу үшін коммуникациялық технологияларды жетілдіруге бағыт- талған. Автор әлеуметтік желілердегі өшпенділік тілді қадағалау құралдары мен әдістерін тех- нологиялық тұрғыдан күшейту қажеттілігін атап өтеді, сондай-ақ, өшпенділік тілдің агрессиялық деңгейін және оның ғаламдық желіде таралуын бағалайтын критерийлерді анықтау бойынша дискуссияны ұсынады.
Зерттеу әдістемесі «өшпенділік тіл» белгілері бар прецедентті электронды БАҚ мәтіндерінің салыстырмалы, мәтіндік және лингвистикалық талдауларын пайдалануға негізделген. Зерттеу жұмысының нәтижелері қоғам мен мемлекеттің өшпенділік риторика деңгейінің өсуіне дер ке- зінде назар аударуының, құқықтық қарсылық пен этикалық реттеу әдістерін күшейту, сондай-ақ, халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық сауаттылығын арттыру қажетті- лігін негіздейді. Блогосфераны кәсібилендіру тұрғысынан қақтығыстарды шешу үшін медиация технологияларын қолдану, сыйластық интерактивті орта тұжырымдамасын насихаттау, әлеумет- тік желілерде өшпенділік сөздеріне қарсы шараларды күшейту орынды.