Баспа ісін цифрландырудағы ізденістер мен мүмкіндіктер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.5
        102 44

Кілттік сөздер:

баспа ісі, цифрландыру, әдеби агент, саммари әдісі, сегмент, z ұрпақ, кітап индустриясы.

Аннотация

Мақала авторлары баспа ісіндегі жаңашылдықты саралайды. Цифрландыру кезеңіндегі баспа ісінің эволюциялық ерекшеліктерін айқындайды. Шетелдік және отандық баспа ісіндегі цифрландыру үдерісіне шолу жасап, баспа ісіндегі ізденістер мен мүмкіндіктерді қарастырады.

Ғылыми мақалада әдеби кітап шығарудағы ноу-хаулар және цифрлық жүйеге түрленген баспа ісінің жетістіктері қарастырылады. Баспа ісіндегі жаңа түсініктер зерттеліп, олардың әсері туралы баяндалады. Отандық баспалардағы цифрландыру үдерісі мен кітап шығару ісіндегі тәжірибелері салыстырмалы талданады.

Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – әдеби кітаптар туралы статистикалық мәліметтерге сүйеніп, баспа ісіндегі заманауи бағыттарды көрсету және көркем әдебиетті дамыту үшін тың жолдарды қарастыру. Сонымен қатар баспа ісіндегі цифрландыру әкелген нәтижелерді көрсету. Баспа ісіндегі цифрландыруға қатысты соңғы зерттеулерді негізге ала отырып, ғылыми тұжырым жасайды. Көркем әдебиеттерді басып шығару ісіндегі ізденістер қазіргі цифрлық медианың мүмкіндіктері нақтыланады.

Зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді: а) әдеби кітап басып шығарудағы жаңашыл әдістерді айқындай отырып, кітаптардың цифрландыру жүйесіне көшу әрекеттерін баяндау; б) цифрландырудың баспа ісіне әкелген өзгерістерін көрсете отырып, әдеби кітап өндірісінің кәсіби мәселелерін көрсету; в) әдеби кітап басумен айналысатын баспагерлердің жылдық өніміне талдау; г) әдеби агент қызметінің мүмкіндіктері мен нәтижелерін сараптау.

Ғылыми еңбектің қорытынды бөлігінде еліміздің баспа ісінде табысқа жеткен шығармалар анықталып, осы саладағы негізгі мәселелер түйінделеді. Сонымен қатар әдеби кітапты оқырманға өтімді етудің жолы ұсынылады.

Ғылыми зерттеу нәтижелері баспа ісі және медиа саласында қарастырылатын өзекті мәселелерді қозғаған. Отандық баспагерлердің кітап бизнесіндегі ізденістері, шетелдік тәжірибені енгізудегі жаңашылдық, сондай-ақ баспа ісіндегі өзекті мәселелерге байланысты нақты ұсыныстар айтылады. Кітап оқырмандарының қызығушылығын оятудағы кең таралған әдістерге тоқталып, отандық баспалардың бағыт-бағдары салыстырмалы талданады. Отандық кітап өндірісіндегі өзекті мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылады. Жаңашылдыққа ұмтылып, әлемдік тәжірибені игеруде «Мазмұндама» қорының соңғы жылдардағы ізденістеріне оң баға беріледі.

Авторлардың биографисы

Г. Әшірбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Әшірбекова Гүлмира Шайтмаганбетовна (корреспондент автор) – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. (Қазақстан, Астана, e-mail: ashirbekova_75@mail.ru);

Р. Кемелбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Кемелбек Рашид – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті (Қазақстан, Астана, e-mail: kemelbek2022@mail.ru);

А. Пернебекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Пернебекова Айжан Пернебекқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Астана, e-mail: aizhanpernebek@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Әшірбекова, Г., Кемелбек, Р., & Пернебекова, А. . (2024). Баспа ісін цифрландырудағы ізденістер мен мүмкіндіктер. Журналистика сериясы, 74(4), 59–72. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.5

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.