Ұлттық дәстүрлі БАҚ-тың жаңа медиа алаңын беткейлеу миграциясы: журналистік шеберлік пен тарихи сабақтастық сарыны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.10
        62 28

Кілттік сөздер:

БАҚ, коммуникация, медиа, софт-жаңалық, плюрализм, гегемония, диджитал туындыгерлік.

Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ публицистикасының тарихи-теориялық негіздерін зерттеп, дәстүрлі басылымдардың жаңа медиа талаптарына сай формациялануын ғылыми тұрғыдан талдау.

Ал зерттеу жұмысының идеясы – ақпараттық кеңістіктегі инновациялық өрлеу мен медиа миграцияға ұлттық құбылыс мысалында баға беру.

Технологияның дамуы кез келген саладағыдай ақпарат және коммуникация әлеміне түрлі өзгерістер әкелді. «Ақпараттық дәуірмен» бірге өмір тәртібіне, біздің салт-cанамызға «жаңа медиа»,  «әлеуметтік желілер», «диджитал туындыгерлік» сынды ұғымдар енді. Бұл – жаңа дәуірдің бастауы. Журналистикада аталмыш бетбұрыстар жаңалық мен ақпарат тарату түрөзгерісі, яғни дәстүрлі БАҚ-тан жаңа медиаға ауысу кезеңі ретінде көрінеді. Бұл зерттеу дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының динамикасын және жаңалықтарды таратудың дәстүрлі әдістерін ескеруден, ұлттық журналистикадағы формацияның қисынгерлігі мен шешімгерлігін шығармашылық және техникалық сипатта сұрыптаудан басталды. Кейінірек дәстүрлі БАҚ-тан жаңа медиаға көшу процесі айқындалып, тарихи динамика стандарттарына сай бағаланды. Жаңа медиа ортаның трансформациясы ұлттық журналистика қайнарларына қалай және қаншалықты әсер еткенін анықтауға талпыныс болды.  

Бұл зерттеуде ұлттық журналистика әлеміндегі дәстүрлі БАҚ-тың жаңа медиаға көшу процесінде туындаған өзгерістерге талдау жасалды, әдебиеттер шолынды,  басылым журналистерінің соны шығармашылық ізденістері мен туындыгерлігі талданды, ұлттық ақпарат таратудағы жаңа медианың ерекшеліктері анықталды.

Аталмыш зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық мәні ретінде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының («Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттері) табиғи формациясына баға беру нысанға алынды. Сонымен қатар, дәстүрлі БАҚ интеграциясына қатысты соны зерттеулерге жол ашуға серпін беру көзделді. Ізденіс методологиясы ретінде салыстыру және тарихи әдіс кәдеге жарады.

Авторлардың биографисы

Д. Қастай, Әл­-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Қастай Дастан Қуандықұлы (корреспондент автор) – оқытушы, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: dastan.kastay@gmail.com);

Қ. Башанова, Әл­-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Башанова Құралай Алмасқызыоқытушы, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан, Алматы қ., e-mail: kuralayb8@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Қастай, Д., & Башанова, Қ. (2024). Ұлттық дәстүрлі БАҚ-тың жаңа медиа алаңын беткейлеу миграциясы: журналистік шеберлік пен тарихи сабақтастық сарыны. Журналистика сериясы, 74(4), 125–138. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.10