БАҚ -тағы әдеби-жанрлардың жасанды интеллектегі көрінісі: шығармашылық-технологиялық жаңа мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ202576210Кілттік сөздер:
БАҚ, ChatGPT, әдебиет, жасанды интеллект, чат-бот, OpenAI, нейрожелі.Аннотация
Әдебиеттегі жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбы қазіргі заманғы ғылым мен өнердің маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр. Жасанды интеллект түрлі салада қолданылып, әдебиетте де өзіндік рөл атқарып келеді. Мақалада БАҚ-тағы әдеби жанрлардың жасанды интеллектегі көрінісі талданып, оны қолдану әдістері мен шығармашылық-технологиялық болашағы туралы тұжырымдар жасалады.
Жасанды интеллект – бұл адамның интеллектуалды қабілеттерін модельдеу арқылы машиналарға ойлау, оқу, жазу сияқты қасиеттерді беру процесі. Қазақ әдебиетінде жасанды интеллектіге қатысты зерттеулер, көбінесе ғылыми фантастика жанрында кездеседі. Әлемдік әдебиеттанушылар ЖИ мен адам арасындағы қарым-қатынас, оның этикалық және философиялық аспектілерін қарастыруда маңызды жұмыс атқаруда.
Мақалада әдебиеттегі жасанды интеллект туралы жарияланған БАҚ материалдары мен отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері салыстырмалы талдауларға қатысты кең қолданыс табады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті – БАҚ-тағы жасанды интеллектінің түрлі әдебиеттердің стильдерін үйрену мен жаңадан шығармалар жазу үшін қолданыс табу ерекшеліктерін жан-жақты қарастыру. Мысалы, ChatGPT сияқты тіл үлгілері жазушының орнына шығармалар жаза алады. Сонымен қатар кейбір авторлардың стилінде мәтіндер құрастырады. Бұл қазіргі әдебиетте үлкен жаңалық болып саналады.
Зерттеудің әдіснамасы ғылыми-талдаулар, салыстырмалы көзқарас, теориялық-эмпирикалық және тарихи-тәжірибелік, инновациялық-интерпретациялау тәсілдеріне негізделеді.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде әдебиеттің ЖИ көмегімен жылдамдық пен тиімділікті арттырудағы ерекше рөлі көрсетіледі. Бұл әсіресе редакциялау немесе шығармашылық процесті оңтайландыру үшін тиімді болмақ. Бірақ ЖИ әлі де адамның терең сезімдері мен өмірлік тәжірибесін толықтай алмастыра алмайды. Шығармашылық шектеледі.
Зерттеудің құндылығы БАҚ жарияланымдарының жасанды интеллектінің әдебиеттегі рөлін айшықтаудағы жаңа жанрлар мен тәсілдерді қалыптастыру бағыттары арқылы айқындалады. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы авторлар мен оқырмандардың қарым-қатынасын өзгертіп, оның руханият пен өнер саласындағы тәжірибелік қырларын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.
