Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясын іске асырудағы ғаламдық БАҚ-тың рөлі

Авторлар

  • Ғ. Ақсейіт Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-7130-8297
  • Н. Куантаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-2668-8558
  • А. Шурентаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8953-0010
  • А. Кабдугалиев Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-2256-8203

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ202576212
        173 160

Кілттік сөздер:

Қытай, жұмсақ күш, бұқаралық ақпарат құралдары, дипломатия, геосаясат.

Аннотация

Бұл мақалада Қытайдың сыртқы саясатындағы «жұмсақ күш» стратегиясын жүзеге асыруда ғаламдық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану мәселесі талданады. Аталған стратегияның ғаламдық ақпараттық кеңістікте жүзеге асырылу ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде Қытай Халық Республикасының сыртқы саяси дискурсында «жұмсақ күш» тұжырымдамасын қолдану қарастырылса, зерттеу пәні – оны жүзеге асырудағы қытайлық ғаламдық БАҚ-тың негізгі құралы ретіндегі рөлі болып табылады.

Зерттеу журналистика мен әлеуметтік ғылымдардың тоғысында жатқан пәнаралық сипатқа ие және осы екі саланың зерттеу құралдарын біріктіреді. Ғылыми әдебиеттерді талдау зерттеу тақырыбы бойынша бар жарияланымдарды анықтауға, оның негізгі жетістіктері мен олқылықтарын айқындауға, сондай-ақ осы зерттеудің жинақталған білімдер жүйесіндегі орнын белгілеуге мүмкіндік берді, бұл оның мақсаттары мен міндеттерін айқындауға ықпал етті. Тарихи талдау әдісі тарихи контексті қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, Қытайдың сыртқы саясатында БАҚ-ты қолдану тәсілдері мен стратегияларының өзгерістерін анықтады. Библиометриялық әдісті қолдану арқылы зерттеу тақырыбының өзектілігін объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін, негізгі кілт сөздермен байланысты ғылыми еңбектердің санын есептеу негізінде жарияланымдардың динамикасын уақыт бойынша талдау жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижелері Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясын ғаламдық контексте іске асыру ерекшеліктерін, сондай-ақ бұл тұжырымдаманың АҚШ пен Еуропа елдерінде қалыптасқан баламалы модельдерден айырмашылығын айқындауға мүмкіндік берді. Аталған стратегияның негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері анықталып, оны халықаралық медиа кеңістікте жүзеге асыру үшін Бейжің қолданатын құралдар талданды. Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясының халықаралық процестерге ықпалы екіұшты сипатқа ие екендігі анықталды, ол оң және теріс аспектілердің үйлесімімен сипатталады.

Зерттеу қорытындысында Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясына баға беріліп, оның ғаламдық ақпараттық кеңістікке, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің медиа ландшафтына әсері қарастырылды. Сонымен қатар, аталған стратегияны жүзеге асыруда қолданылатын құралдар мен механизмдердің ықтимал трансформациялары белгіленді.

Авторлардың биографиясы

Ғ. Ақсейіт, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Ақсейіт Ғалия Манатқызы (корреспондент-автор) – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Астана қ., эл. пошта: gam14031978@gmail.com);

Н. Куантаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Куантаев Нуржан Куантайулы – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы (Қазақстан, Астана қ., эл. пошта: e-mail:kuantaiuly@mail.ru);

А. Шурентаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Шурентаев Амангельды Мирамович – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Астана қ., эл. почта: aman.shurentayev@gmail.com);

А. Кабдугалиев, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Кабдугалиев Арыспай Капарович – әлеуметтік ғылымдар магистрі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Астана қ., эл. пошта: akk3960012@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Ақсейіт G. ., Куантаев N., Шурентаев A. ., & Кабдугалиев A. . (2025). Қытайдың «жұмсақ күш» стратегиясын іске асырудағы ғаламдық БАҚ-тың рөлі. Журналистика сериясы, 76(2), 155–165. https://doi.org/10.26577/HJ202576212