Қазақстанның медиа кеңістігіндегі деректі киноның жанрлық құрылымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ202576213Кілттік сөздер:
деректі кино, жаңа жанрлар, фактілер, манипуляциялар, медиа.Аннотация
Аталмыш мақалада Қазақстандағы деректі фильмдердің жанрлық құрлымының дамуы мен көркемдік әдістерді қолдану аясы қарастыралған. Сонымен қатар, ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның медиа кеңістігіндегі деректі фильмдердің жанрлық құрылымын сипаттай отырып, деректі телефильм жанрының эволюциясын басқаратын принциптерді ашу, даму тенденцияларын талдау болып табылады.
Аталмыш мақалада деректі фильм жанрларының дамуына көрермен ықпалының рөлі сараланып, мәдени антропология тұрғысынан талданды. Ғылыми мақаланы зерттеу барысында Қазақстанда және әлемдік киноөндірісте түсірілген деректі фильмдердің мазмұны мен жанрлық құрылымы зерделеніп, сараптамалық талдау жүргізілді.
Ғылыми мақалаға зерттеу әдістері ретінде мазмұнды талдау және математикалық әдіс қолданылды. Сондай-ақ, деректі фильмдердің жанрлық құрылымының даму тенденциялары сарапталып, деректі жанрлардың заман ағымына сай жаңашыл формалары және стильдік ерекшеліктері талданды.
Деректі кино мен телеарнаның екеуара байланысы зерттеліп, өнер саласының мәдени және әлеуметтік, идеологиялық қызметтері жан-жақты, әр қырынан ашылды.
Автор бұл жанрдың қоғамдық сана мен ақпараттық ағымға ықпал ететін тиімді құрал ретінде даму бағытын теориялық әрі практикалық тұрғыдан зерттеп, зерделеп, жанрдың жаңашыл бағыттары мен ерекшеліктерін талдап, жанрдың қалыптасуына негіз болатын соны әдіс пен тың тәсіл ұсынады.
