Лонгрид – мультимедиалық ақпарат берудің жаңа форматы
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ20257732Кілттік сөздер:
лонгрид, конвергентті журналистика, жанр, формат, нарротология, сторителлинг, әлеуметтік желі.Аннотация
Қазіргі заманғы медиажүйеде мультимедиалық жобалар мен лонгридтер ақпарат ұсынудың инновациялық әрі интеграцияланған форматы ретінде кеңінен таралуда. Бұл форматтар күрделі құрылымымен, көпқырлы мазмұнымен және түрлі ақпараттық құралдардың (мәтін, фото, видео, инфографика, аудио т.б.) үйлесімімен ерекшеленеді. Алайда осы саладағы зерттеулер мен ғылыми тәжірибелерде лонгрид ұғымына қатысты теориялық тұжырымдардың жүйеленбеуі, ортақ ғылыми концепциялардың әлі де толық қалыптаспауы байқалады.
Осы мақалада қазіргі таңда қолданыста жүрген теориялық негіздер, тұжырымдамалар сараланып, лонгридтің табиғатын түсіндіретін негізгі ұғымдар мен терминдерге талдау жасалады. Сонымен қатар қазіргі журналистикада жанрлық шекаралардың бұзылып, әдіс, тәсіл және форматтық элементтердің өзара тоғысуы – медиалық өнімдердің жаңа пішіндерін қалыптастыру үрдісін айғақтайды. Мультимедиялық баяндау интерактивтілікке ие, ол қаралған элементтердің реті мен санын анықтауда аудиторияның (пайдаланушылардың) белсенді рөлін қамтамасыз етеді.
«Мультимедиалық баяндау интерактивті экспозиция» ұғымы лонгрид форматында материалды құру тәсілі ретінде біз өзекті әлеуметтік маңызды тақырыпқа арналған. Лонгрид тек ақпаратты біржақты жеткізумен шектелмей, аудиториямен белсенді өзара әрекеттесу мүмкіндігін де қарастырады. Ол оқырманның материалды қабылдауына, эмоциялық қатысуына және жеке тәжірибесіне әсер етуге бағытталған. Осы арқылы лонгрид дәстүрлі журналистика мен жаңа медиа пішіндерінің түйісу нүктесінде тұрған, синкретті медиажоба ретінде танылады. Осы мақалада лонгридтің мазмұндық-композициялық құрылымы, медиатехнологиялармен байланысы және аудиториялық қабылдау ерекшеліктері қарастырылады. Лонгридті ақпарат таратудағы, баяндау стильдерін трансформациялаудағы және медиатұтыну мәдениетіндегі рөліне теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасалады.
Мақаланың мақсаты – «лонгрид» форматындағы мультимедиалық құралдар мен мәтіндік жанрдың өзара байланысын анықтау. Зерттеу нәтижесінде жаңа медиадағы мультимедиалық лонгридтер және баспа басылымдарының онлайн нұсқалары жан-жақты зерттеліп, талданады. Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы – лонгридтің мазмұны, құрылымдық және мультимедиалық ерекшеліктері анықталып, жаңа жанрдың қазіргі таңда медиа саласындағы өзектілігі теориялық біліммен қатар, тәжірибелік тұрғыдан дәлелденіп келеді. Зерттеудің құндылығы – журналистиканың жаңа мультимедиалық жанры ретінде лонгридтің ерекшеліктері анықталды.
