БАҚ-тағы қазақстандық IT стартап - жобалар: инновациялық кәсіпкерлік және заманауи индустрия мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ20257733
        200 63

Кілттік сөздер:

БАҚ, IT стартап, инновация, кәсіпкерлік, жоба, индустрия, Astana Hub.

Аннотация

Қазіргі таңда Қазақстанда IT стартап жобаларды дамыту мемлекеттік тұрғыда басым бағыттардың бірі ретінде қолға алынып отыр. Мақалада стартап жобалар туралы түсінік және оның қоғамдағы ел имиджін қалыптастыру кезеңдеріндегі БАҚ-тың рөлі зерттеледі.

Еліміздің инновациялық даму жағдайында БАҚ жарияланымдарында  Startup жобалар туралы идеялар жиі көрініс таба бастады. «Стартап» термині жаңадан пайда болған бизнес жобалар мен венчурлық индустрия саласының қарқынды дамуының әсерінен кәсіпкерліктің ерекше түрі ретінде  пайда болды. Ал «стартап» түсінігі өндіріске ең алғаш 1970 жылы АҚШ-та енгізілді.

Қазіргі таңда бизнес идеяларды іске асыру Қазақстанның инвестициялық құрылымын дамыту үшін қолданыс тауып келеді. Мемлекет бұған дейін «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бойынша жаһанданудың ішкі-сыртқы ықпалына жұтылып кетпеудің алдын алып отырды. Сондықтан қазіргі таңда бизнес-кластерлерді дайындау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес стартаптардың экожүйесін құру маңызды болып отыр.

Зерттеу мақаланың  мақсаты – БАҚ-тағы кәсіпкерлікті дамытуға қажетті  заманауи тенденциялар мен халықаралық IT жобаларды талдай отырып, оны еліміздің стратегиялық басты қадамдары негізінде жан-жақты қарастыру.

Мақалада  инновациялық стартап жобалар туралы жарыққа шыққан отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми-теориялық еңбектері мен БАҚ жарияланымдарына ерекше назар аударылып, оның қоғамдағы маңызы көрсетіледі. Сондай-ақ зерттеуде «Қоғам және дәуір», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Заң»   т.б. тақырыпқа қатысты ғылыми-публицистикалық мақалалар  жарияланған газет-журналдар қолданыс табады.

Зерттеу жұмысы ғылыми-теориялық тұрғыда талдау, БАҚ жарияланымдарын жүйелеу, салыстыру, теориялық-эмпирикалық және  интерпретациялау әдіс-тәсілдеріне негізделеді.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде қазақстандық БАҚ-тағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың  инновациялық басты стратегиялық қадамдары көрсетіліп, оны IT стартаптар негізінде халықаралық дәрежеге дейін көтерудің  еліміз үшін маңыздылығы айқындалды.

Мақаланың ғылыми құндылығы БАҚ-тағы қазақстандық IT стартап   жобалардың инновациялық кәсіпкерлік пен заманауи индустрия тұрғысында  теориялық-тәжірибелік бағытта жан-жақты қарастырудан көрініс табады. 

Авторлардың биографиясы

Б. Каримова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған

Каримова Бибигуль  (корреспондент автор) PhD,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,  журналистика кафедрасының меңгерушісі (Талдықорған қ., Қазақстан,   e-mail: karimova.bj@gmail.com);         

Р. Садықова, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті, Қазақстан, Алматы

Садықова Роза филология ғылымдарының кандидаты, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің language education кафедрасының ассистент профессоры (Алматы қ., Қазақстан,   e-mail: rsadykova516@gmail.com);

Б. Шойбек, Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Қазақстан, Алматы

Шойбек Бекмурат – Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қ.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, (Алматы қ., Қазақстан,  e-mail: becksbm001@gmail.com);

Ж. Әбікенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Әбікенова Жанар – педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы  кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан,   e-mail: abikenovazhanar@gmail.com);

Г. Тулекова, Тұран университеті. Медиа және мәдени қарым-қатынас Жоғары мектебі,

Тулекова Гүлжан филология ғылымдарының кандидаты, Тұран университеті. Медиа және мәдени қарым-қатынас жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан,   e-mail: g.tulekova@turan-edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Каримова, Б., Садықова, Р., Шойбек, Б., Әбікенова, Ж., & Тулекова, Г. (2025). БАҚ-тағы қазақстандық IT стартап - жобалар: инновациялық кәсіпкерлік және заманауи индустрия мәселелері . Журналистика сериясы, 77(3), 26–36. https://doi.org/10.26577/HJ20257733

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.