Жаңа дәуірдегі журналистік айғақтама: жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ20257738Кілттік сөздер:
журналистика, журналистік айғақтама, жасанды интеллект, технологиялар, үлкен деректер, этика мәселесі.Аннотация
Демократиялық қоғамда журналистика – ақпараттың еркін айналымын жүзеге асырып, билік құрылымдарының есеп беруін, ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі. Журналистиканың түрлі бағыттарының ішінде журналистік айғақтаманың орны ерекше. Аталған бағыт ақпарат жинаумен шектелмей, қоғамнан жасырылған деректерді анықтау, сыбайлас жемқорлық фактілерін ашу, адам құқықтарының бұзылуын әшкерелеу және қоғамдық-саяси сипаттағы күрделі мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз мүмкін болмайтын жағдайларды жария етуге бағытталған терең әрі мұқият талдауда қамтиды. Алайда қазіргі кездегі журналистік айғақтама кәсіби дағдылармен қатар, мол ақпарат ағындарын сараптау және құпия деректерді іздестіру барысында заманауи технологияларды тиімді пайдалану қабілетін де талап етеді. Осы орайда жасанды интеллект зерттеу процесіне жаңа әдіс-тәсілдер мен құралдар ұсынып, ақпаратты жан-жақты әрі жылдам талдауға мүмкіндік беру арқылы маңызды рөл атқарады.
Бұл зерттеу Қазақстандағы айғақтамамен айналысатын журналистердің жасанды интеллект құралдарын қолдануын және олардың технологияларды қабылдау мен пайдалану кезінде туындайтын қиындықтарын талдауға бағытталған. Әдебиеттерге шолуда журналистік айғақтамаға талдау жасай отырып, жасанды интеллект құралдарының журналистикадағы мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері анықталды.
Зерттеу мақсаты – Қазақстандағы журналистік айғақтамада қолданылатын жасанды интеллект құралдарының тәжірибесіне талдау жүргізу. Мақсатқа қол жеткізу үшін іріктеу арқылы таңдалған журналистік зерттеу саласында жиырма журналиске сауалнама жүргізіліп, жасанды интелектті қолданудағы маңызды аспектілер талданды. Зерттеу журналистердің тәжірибесінде қолданылатын ЖИ-дің негізгі құралдарын анықтауға, сондай-ақ осы технологияларды енгізу кезінде кездесетін кедергілергі зерттеуге арналды. Нәтижелер үлкен деректерді талдау, кескінді көрнекілеу және мәтінді өңдеу құралдары журналистер арасында жиі таралғанын көрсетті. Алайда ЖИ пайдаланудағы негізгі кедергілерге технологияны енгізудің жоғары шығындары, білім мен тәжірибенің жетіспеушілігі және сапалы деректерге қол жеткізу мәселелері жатады. Техникалық қиындықтар, этикалық және құқықтық мәселелер аталған қызметтің кеңінен таралуын шектейді. Мақалада медиа сектор үшін қол-жетімді және ыңғайлы шешімдерді құрудың маңыздылығы, журналистердің біліктілігін арттыру және осы салада жасанды интеллектті тиімді және этикалық қолдану үшін реттеуші стандарттарды әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.
