Цифрлық медиада иммерсивті журналистика интеграциясы: ерекшеліктері, мүмкіндіктері, артықшылықтары мен қиындықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ202577311
        153 104

Кілттік сөздер:

иммерсивтімедиа, виртуалдышындық, толықтырылғаншындық, медиатәжірибе, мультимедиялықәңгімелеу, журналистика, медиаэтика.

Аннотация

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық кеңістікте иммерсивті медианың маңыздылығын елеулі түрде арттырды. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – иммерсивті технологиялардың (виртуалды шындық, толықтырылған шындық және аралас шындық) даму бағыттарын жан-жақты сараптап, олардың қоғамдағы медиатұтыну, шынайылықты қабылдау мен коммуникацияға әсерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы және мазмұндық талдау, кейс-стади әдістері, сондай-ақ визуалды талдаудың элементтері қолданылды. Автор, өз кезегінде, медиамәдениеттегі жаңа өзгерістерді, иммерсивті форматтардың кәсіби салаларға (журналистика, білім беру) әсерін және жаңа шындық кеңістігінің қалыптасуын анықтап, осы үрдістердің маңыздылығын айқындады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, иммерсивті медиа шынайы және виртуалды шекараларды қайта қарастырып, медиатұтынушының тәжірибесін тереңдетеді. Сонымен қатар, бұл технологиялар шынайылықты қабылдау мен оның интерпретациясына елеулі әсер етіп, коммуникациялық процестерді жаңа деңгейге көтереді. Жұмыстың ғылыми құндылығы «иммерсивті өмір» ұғымының теориялық негіздерін жүйелеу мен әлеуметтік-мәдени контексте осы технологиялардың ықпалын талдауда жатыр. Практикалық маңызы, өз кезегінде, алынған нәтижелерді медиа контент жасау, цифрлық білім беру және болашақ журналистика стратегияларын құрастыру барысында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы иммерсивті медианың әлеуетін толық түсініп, оны қоғамның әртүрлі салаларында қолдану бағыттарын анықтауға үлес қосады.

Авторлардың биографиясы

А.Б. Бауыржан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

Аяжан Бауыржандокторант, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e- mail: ayazhan.news@gmail.com);

Ә.Т. Бақтыгереева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы

Әлия Бактыгереева – докторант, Баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: smm_bzb@bk.ru;.

Х.С. Молдабаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Молдабаев Хасен Советханович – докторант, журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, moldabaev@mail.ru).  

Жүктелулер

Как цитировать

Бауыржан, А. ., Бақтыгереева, Ә. ., & Молдабаев, Х. . (2025). Цифрлық медиада иммерсивті журналистика интеграциясы: ерекшеліктері, мүмкіндіктері, артықшылықтары мен қиындықтары. Журналистика сериясы, 77(3), 127–143. https://doi.org/10.26577/HJ202577311