Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттаудағы «Азаттық» радиосының ролі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ20257842
        94 15

Кілттік сөздер:

«Азаттық» радиосы, радиохабарлар, қазақ қаламгерлері, шығармашылық, бұқаралық ақпарат құралдары.

Аннотация

Бұл мақалада АҚШ-тың халықаралық «Азаттық» радиосы тарапынан Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығына арналған радиохабарлардың мазмұны, мақсаттық бағыттылығы және мәдени-коммуникативтік маңызы жан-жақты талданады. ХХ ғасырдың екінші жартысында эфирге шыққан аталған бағдарламалар түрлі саяси, техникалық және ақпараттық кедергілерге байланысты Қазақстан аумағына толық таралмағанымен, олардың бірқатары сақталып, бүгінгі күнге дейін құнды рухани мұра ретінде жетіп отыр. «Азаттық» радиосының «Қазақ редакциясын» басқарған Хасен Оралтайдың бастамасымен жинақталған мұрағаттық қор қазіргі таңда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сақталып, зерттеушілерге қолжетімді маңызды дереккөзге айналды. Осы материалдар негізінде 2023 жылы радионың 70 жылдығы мен Хасен Оралтайдың 90 жылдығына орай «Азаттық радиосынан сөйлеп тұрмыз» атты іргелі еңбек жарық көрді.

Мақаланың негізгі мақсаты — Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын таныту мен оның халықаралық деңгейде насихатталуына «Азаттық» радиосының қосқан үлесін айқындау. Зерттеу барысында мәтіндік талдау, тарихи-салыстырмалы әдіс, дереккөздерге жүйелі шолу және нақты мысалдарды талдау тәсілдері қолданылды. Радиохабарлардағы ақпараттық деректер Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің мерзімді баспасөздегі еңбектерімен салыстырыла қарастырылып, олардың өзара байланысы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды.

Зерттеу нәтижелері «Азаттық» радиосының Қытайдағы қазақ әдеби қауымының шығармаларын анықтау, сақтау және кең аудиторияға таратуда ерекше тарихи-мәдени рөл атқарғанын көрсетеді. Сонымен қатар, радиохабарлардың ұлттық мәдениетті жаңғырту, тарихи жадты сақтау және Қазақстан мен Қытайдағы қазақ диаспоралары арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту бағытында маңызды коммуникативтік құрал болғаны дәлелденді. Мақалада аталған радиомұраның қазақ әдебиеті тарихын толықтырудағы, қаламгерлердің шығармашылық келбетін ашудағы ғылыми әлеуеті де тұжырымдалып көрсетіледі.

Авторлардың биографиясы

Р.Ш. Нуриден, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Нуриден Рахима Шариповна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, эл. почтасы: rahima_n55@mail.ru);

М.Т. Мукашева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мукашева Манчук Тынышкалиевна –  филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің аға оқ ытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл. почтасы: m.mukasheva@yandex.kz);

А.М. Тілепберген, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Тілепберген Ақмөлдір Мақсатқызы – философия ғылымдарының докторы, PhD Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл. почтасы: akmoldir@list.ru);

В.Т. Джуматаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Джуматаева Венера Таниржановна –магистр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл.почтасы: venera.dzhumataeva@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Нуриден, Р., Мукашева, М., Тілепберген, А., & Джуматаева, В. (2025). Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттаудағы «Азаттық» радиосының ролі . Журналистика сериясы, 78(4), 16–26. https://doi.org/10.26577/HJ20257842

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.