Копирайтер мен рерайтер қызметінің ерекшелігі және копирайтинг биржаларына әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ20257844
        70 17

Кілттік сөздер:

копирайтинг, рерайтинг, медиа, контент биржалары, PR.

Аннотация

Мақалада копирайтер мен рерайтердің кәсіби қызметінің ерекшеліктері, олардың мәтін өндіру үдерісіндегі рөлі және заманауи копирайтинг биржаларының қызметі жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – копирайтинг пен рерайтингтің теориялық және практикалық айырмашылықтарын айқындау, сондай-ақ цифрлық контент нарығындағы олардың маңызын талдау болып табылады. Мақалада ақпараттық, имидждік, жарнамалық, SEO-копирайтинг, SMM-копирайтинг және рерайтинг сияқты копирайтинг түрлері бойынша жұмыс істелетін биржалардың ерекшеліктері сипатталады. Авторлар контент биржаларының жұмыс істеу тетіктерін, олардың артықшылықтары мен шектеулерін талдай отырып, Қазақстандағы цифрлық контент нарығының даму үрдістеріне назар аударады. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, контент платформаларын салыстырмалы зерттеу және сауалнама нәтижелері қолданылған. Зерттеу қорытындылары қазақ тіліндегі сапалы контентке деген сұраныстың артып келе жатқанын және ұлттық копирайтинг инфрақұрылымын дамыту қажеттілігін көрсетеді. Мақала нәтижелері медиа, PR және цифрлық коммуникация саласындағы мамандар үшін практикалық маңызға ие.

Авторлардың биографиясы

Г.С. Амангелдиева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Амангелдиева Гулмира Сабыровна (корреспондент автор) – PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан, эл. почта: gulmirasabyr8@gmail.com);

M. Топлу, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Мехмет Топлу – профессор, Ankara Hacı Bayram Veli Üniversitesi (Ankara, Turkiya, mtoplu09@gmail.com);

Н.М. Абикеева, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан

Әбікеева Назерке Мадияровна – әлеуметтік ғылымдар магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, журналистика кафедрасының оқытушысы, (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: Botawkan@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Амангелдиева G. ., Топлу M., & Абикеева N. . (2025). Копирайтер мен рерайтер қызметінің ерекшелігі және копирайтинг биржаларына әсері. Журналистика сериясы, 78(4), 38–51. https://doi.org/10.26577/HJ20257844

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.