Әлеуметтік желілердің алғаш рет дауыс берушілердің электоралдық таңдауларына ықпалы: АҚШ президенттік сайлауы негізіндегі зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ202578411
        54 19

Кілттік сөздер:

дауыс беру, әлеуметтік желілер, алғашқы сайлаушылар, АҚШ президенттік сайлауы.

Аннотация

Зерттеудің тақырыбы – АҚШ президенттік сайлауында алғаш рет дауыс берген сайлаушылардың таңдауына әлеуметтік желілерді пайдалану әсерін анықтау. Facebook, Twitter және Reddit сияқты негізгі саяси коммуникация арналарының дамуына байланысты, бұл зерттеуде аталған цифрлық платформалардың алғаш дауыс берушілердің саяси хабардарлығын, әлеуметтік ықпалын және дауыс беруге деген ынтасын қалыптастыру жолы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мен бағыты – әлеуметтік желілер қолданысы мен сайлаушылардың таңдауы арасындағы байланысты жан-жақты талдау, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі цифрлық белсенділіктің саяси кандидат таңдауына әсерін анықтау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы –әлеуметтік желілердегі белсенділіктің сайлаушылардың дауыс беру әрекетіне әсерін сандық тұрғыда бағалау және оның статистикалық көрінісін ұсыну арқылы саяси коммуникация саласын жаңа эмпирикалық деректермен байыту. Практикалық маңыздылығы – саясаттанушыларға, журналистерге және азаматтық білім беру саласының мамандарына әлеуметтік желілердегі цифрлық мобилизация стратегияларын әзірлеуге көмек беретін пайдалы ақпарат ұсыну. Зерттеу методологиясы аясында сандық әдістемеге негізделе отырып, American National Election Studies 2020 деректер жиынтығы бойынша регрессиялық анализ жүргізілді. Нәтижелер Twitter мен Reddit желілерін белсенді пайдалану мен Демократиялық партия кандидатына дауыс беру арасында позитивті корреляция бар екенін көрсетті, ал Facebook қолданысы, керісінше, төмен әсерге ие екенін анықтады. Бұл зерттеудің маңыздылығы – цифрлық саяси әлеуметтену процесін терең түсінуге және онлайн белсенділіктің сайлау нәтижелеріне әсерін эмпирикалық түрде көрсетуге мүмкіндік беру. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы – цифрлық саяси науқандар мен азаматтық белсенділік бағдарламаларының стратегияларын әзірлеу үшін бағдар бола алуында.

Авторлардың биографиясы

A.С. Каимбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Каимбекова Аружан Сабыржанқызы Журналистика факультетінің магистранты (Алматы, Қазақстан, e-mail: aru200372@gmail.com);

A.Б. Акынбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ақынбекова Алтын Бакашқызы – (корреспондент-автор) PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доцент м.а., (Алматы, Қазақстан, e-mail: Akynbek75@gmail.com);

Қ.А. Башанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Башанова Құралай АлмасқызыЖурналистика факультетінің докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: kuralayb8@gmail.com);

Ж.Т. Әлміш, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Әлміш Жадыра ТалғатқызыЖурналистика факультетінің докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: zalmish@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Каимбекова A. ., Акынбекова A. ., Башанова K. ., & Әлміш Z. . (2025). Әлеуметтік желілердің алғаш рет дауыс берушілердің электоралдық таңдауларына ықпалы: АҚШ президенттік сайлауы негізіндегі зерттеу. Журналистика сериясы, 78(4), 122–134. https://doi.org/10.26577/HJ202578411