Қазақстанның медиа жүйесі: қазіргі үрдістер туралы әдіснамалық ойлар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ79120262
        47 0

Кілттік сөздер:

медиажүйе, салыстырмалы талдау, Қазақстан, саяси параллелизм, санкцияланған плюрализм.

Аннотация

Қазақстанның медиа жүйесі, өзінің ерекше тарихи жолы мен дамып келе жатқан әлеуметтік және саяси ортасының ықпал етуінен қалыптасқан, Кеңес одағынан кейінгі коммуникациялық кеңістіктердің серпін зерттеудегі маңызды салалардың бірі болып табылады. Бұл мақала қазіргі Қазақстан медиасын құрайтын үрдістерге әдістемелік ойтолғам, және сипаттамалық талдаулардан емес, тақырыпты зерттеуге сай келетін тұжырымдамалық шеңберлерді талқылайтын зерттеу.

Зерттеудің негізгі мақсаты – дамуға әкелетін бағыттарды, оның ішінде цифрлық трансформация, реттеушілік жүйені дамыту және аудитория тәжірибесінің өзгеруін жүйелі түрде анықтау мен бағалау. Оларды зерттеу үшін бірізді әдістемелік тәсіл қолдану ұсынылған. Зерттеуде медиа заңнамасын саяси талдау мен медиа меншіктігі және нарықтық құрылымдардың сандық талдауларының бірігуі арқылы жасалған аралас әдістеме қолданылған. Бұл үш бұрышты талдау жүйенің қазіргі жағдайын, ондағы мемлекеттің ықпалын, коммерциялық мүдделер мен жаңадан қалыптасып келе жатқан мемлекеттік қызмет идеалдарының қатар өмір сүруін толық қамтиды.

Талдау дуалистік ауысу кезіндегі медиа ландшафтың жағдайын көрсетеді. Негізгі тұжырымдар цифрлық және әлеуметтік медиа платформаларының тез өсуін атап өтеді, олар ақпараттық алуан түрлілік пен қоғамдық пікірталасқа жол ашады, ал дәстүрлі теле-радио арналар әлі де айтарлықтай институционалдық шектеулер аясында қалып отыр. Қорыта келгенде, Қазақстанның экономикалық-тұжырымдық жаңғыруға рұқсат берумен қатар, саяси бақылауды сақтайтын үлгіде ерекшеленетін, ресми мақұлданған плюралистік нұсқаның пайда болуы. Зерттеу ресми құқықтық негіздер мен олардың іс жүзіне асуындағы, әсіресе журналистік автономия мен ақпаратқа қолжетімділік тұрғысына қатысты ақаулықтарды анықтайды. Ғылыми және практикалық маңызы – салыстырмалы медиа зерттеулеріне үлес қосу, «еркін» және «басқарылатын» жүйелердің қарама-қайшылығына әдістеме негізінде сәйкес келетін нақты мысал ұсыну. Зерттеу ғалымдарға гибридті медиа тәртібін талдауға мүмкіндік беретін жетілдірілген құралдар жиынтығын ұсынса, қолданушылар мен мемлекеттік саясаткерлерге Қазақстандағы ақпарат жүйесіндегі қалыптасып келе жатқан құрылымдық шиеленістер мен мүмкіндіктер туралы түсінік береді.

Түйін сөздер: медиажүйе, салыстырмалы талдау, Қазақстан, саяси параллелизм, санкцияланған плюрализм.

Авторлардың биографиясы

И. Быков, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург, Ресей

Илья Быков (корреспонденттік автор) – саяси ғылымдар докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Журналистика және бұқаралық коммуникация жоғары мектебінің профессоры (Санкт-Петербург, Ресей, email: i.bykov@spbu.ru);

С. Ли, Сиань Цзяотун-Ливерпуль университеті, Сучжоу, Қытай

Сюаньжу ЛиСиань Цзяотун-Ливерпуль университетінің Медиа және коммуникация департаментінің PhD докторанты (Сучжоу, Қытай, email: sarahxyru@gmail.com);

С. Синье, Лунъянь университеті, Лунъянь, Фуцзянь, Қытай

Синьюй СеЛунъянь университетінің Медиа және дизайн колледжінің оқытушысы (Лунъянь, Фуцзянь, Қытай, email: Xiexinyulance@gmail.com);

A. Жақыпова, Вуллонгонг университеті, Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері

Арайлым Жақыпова – Middle East Media Educator журналы, Вуллонгонг университеті (Дубай, Біріккен Араб Әмірліктері, email: a.t.zhakypova@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Быков I., Ли X. ., Синье X. ., & Жақыпова A. (2026). Қазақстанның медиа жүйесі: қазіргі үрдістер туралы әдіснамалық ойлар. Журналистика сериясы, 79(1), 18–28. https://doi.org/10.26577/HJ79120262

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.