Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: технологиялық қабылдауды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ79120267Кілттік сөздер:
жасанды интеллект, жоғары білім беру, интеграция, ЖИ сауат, технологиялық тәуекелдер, толықтырылған интеллект.Аннотация
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдары білім беру жүйесіне дендеп енген сайын, технологиялардың оқу үдерісін қаншалықты деңгейде жақсартып, білім алушылардың когнитивтік қабілеттері мен дағдыларына қалай ықпал етеді деген пікірталастар толастар емес. Бұл мақалада университет аудиториясының жасанды интеллектіні қабылдауын бағалау параметрлерін талдау нәтижелері ұсынылған.
Зерттеу гипотезасы студенттердің ЖИ технологияларын белсенді таратуы мен қолдануы олардың медиа сауаты мен сыни ойлау деңгейінен анағұрлым алда екенін, бұл ақпаратты, жалған жаңалықтар мен манипуляциялық контентті ой елегінен өткізбей қабылдау қаупін арттыратынын болжайды. Өз кезегінде, оқытушылар ЖИ технологиясын белгілі бір орындаушылық тапсырмаларды шешудегі құнды құралдық мүмкіндіктерін мойындай отырып, білім берудегі өздігінен орындау мен прогресті төмендету тәуекелі ретінде қабылдайды.
Мақаланың мақсаты - ЖИ құралдарын жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау тәжірибесі мен формаларын зерттеу, білім алушылардың жасанды интеллект ресурстарына көзқарасының негізгі алгоритмдерін анықтау және этикалық, когнитивтік және әлеуметтік ықтимал тәуекелдерді сипаттау.
Зерттеудің әдіснамалық негізін эмпирикалық және теориялық әдістердің кешені, ғылыми деректерді талдау мен жүйелеу, сауалнама әдістерінің социологиясы, статистикалық деректерді интерпретациялау, сапалық салыстырмалы және перспективалық талдаулар құрайды.
Шолу зерттеуінің нәтижелері жоғары білім беру жүйесіне ЖИ құралдарын кешенді енгізуге қатысты оқытушылар арасындағы екіұшты көзқарастарды анықтап, академиялық адалдық пен тәуелсіз ойлаудың төмендеуінің елеулі қауіптерін көрсетті. Дегенмен, студенттер жасанды интеллект дағдыларын меңгеру әлеуетін өздігінен оқудың және жаңа цифрлық медиа форматтарына бейімделудің маңызды құрамдас бөлігі, сондай-ақ кәсіби даму факторы ретінде қарастырады.
Бұл зерттеу жоғары білім беруде ЖИ-ді сауатты қолдану туралы жалпы қабылданған, қалыптасқан этикалық білім мен түсініктің болмауын ескере отырып, халықаралық стандарттар мен нұсқауларды қазақстандық контекске енгізудегі ЖИ қолданылуының ең қолайлы моделін талқылауға үлес қосады.
Практикалық маңызы зерттеушілердің пікірінше білім беру мақсатына көбірек сәйкес келетін толықтырылған интеллектінің (Augmented Intelligence) перспективті моделін негіздеуді жүзеге асыруында.

