Цифрлық коммуникацияның заманауи теориялары: жаңа әдістемелік тәсілдер
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ791202611Кілттік сөздер:
цифрлық коммуникация, жаңа медиа, әдіснамалық тәсілдер, әлеуметтік желілер, алгоритмдік басқару.Аннотация
Бұл мақалада Орта Азия елдері негізінде цифрлық коммуникацияның заманауи теориялары мен жаңа әдістемелік тәсілдері жан-жақты қарастырылады. Интернет пен әлеуметтік желілердің таралуы, мультимедиялық коммуникацияның дамуы, алгоритмдік басқару мен қатысушы мәдениетінің жаңа медиа ортасында қалыптасуына назар аударылды. Әсіресе, Орта Азияның ішкі нарығында Telegram, Instagram және YouTube платформалары дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып, баламалы коммуникация арналарына айналды. Зерттеу барысында Қазақстандағы «Vlast.kz», «Tengrinews.kz», Қырғызстандағы «Kloop.kg» немесе Өзбекстандағы «Kun.uz» сияқты порталдар цифрлық коммуникацияның белсенді қолданыстағы жаңа әдістемелік тәсілдері (инфографика, дата-журналистика, сторителлинг) ерекше назарға алынып, салыстырмалы талдау жасалды.
Сонымен бірге, постшындық дәуіріндегі ақпараттың бұрмалануы, жалған жаңалықтар мен алгоритмдік мәдениеттің аудитория қабылдауына әсері де қарастырылды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, сапалық және сандық әдістер қолданылып, цифрлық коммуникация теорияларының эволюциясы мен олардың дәстүрлі теориялардан айырмашылығы сараланды. Нәтижесінде цифрлық коммуникацияның интерактивтілік, ашықтық, дербестендіру және гипермедиа сияқты қасиеттері қазіргі қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың жаңа моделін қалыптастыратыны дәлелденді.
Зерттеу мақаласының ғылыми маңыздылығы - цифрлық теорияларды әлеуметтік, мәдени және ақпараттық тұрғыдан кешенді қарастыру арқылы жаңа әдіснамалық үлгілерді ғылыми айналымға енгізу. Ал мақаланың практикалық мәні - алынған тұжырымдарды медиа және білім беру саласында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.

