Медиа этикадағы құқықтық қағидат және Журналист жауапкершілігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2023.v70.i4.7Кілттік сөздер:
медиа этика, этикалық кодекс, құқықтық журналистика, заң нормасы, журналист міндеті.Аннотация
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің жемісті болуы журналистің құқықтық және этикалық қағиданы қаншалықты меңгеруімен тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіп, сөз және баспасөз бостандығы – журналистің бүкіл жұмысының іргетасы.
Медиа этиканың теориялық сипатын, тәжірибелік негізін, заңдық нормасын айқындап, уақыт ағымына қарай тыңғылықты зерттеу жүргізу қажет. Бүгінде журналист этикасының құқықтық, этикалық ережесінің журналистикадағы орнын бағамдау қажеттігі туындап отыр.
Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – журналистің кәсіби этикасы мәселелерін ғылыми тұрғыда зерделеп, құқықтық сауаттылықты арттыруда этикалық кодекстерді талдап, бұқаралық ақпараттағы дерек көздеріне сапалы ой жүгірте отырып, бағамды зерттеу жүргізу.
Зерттеу жұмысының әдістемесі медиа этиканың теориялық сипаты, журналист құқығы мен бостандық қағидалары, деректер мен ғылыми зерттеулер арқылы айқындалып, сараптамалық талдау жасалады.
Мақала барысында журналистің журналистік шығармашылық құқығы мен міндеті арқылы әдептік қыры қарастырылады. Шетелдік зерттеуші мамандардың ауқымды зерттеуіне назар аударылып, журналистік құқықтық, нормативті құжаттарға сараптама жасалады. Журналист қызметін жақсартудағы, шығармашылық сауаттылығындағы маңызды тұсы талданады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде медиа этиканың құқықтық жарияланымдағы тақырыптық, мазмұндық, журналистік заңдық қолтаңбасы дәлел-дәйек арқылы талданады. Зерттеуде этикалық кодекстердің тиімділігіне қатысты сыни пікір барысында бірнеше теоретик ғалымдар еңбегіне сүйендік. Медиа этикадағы маңызды мәселе талдау, тұжырым жасау арқылы дәлелденіп, шешімді бағыт-бағдары берілді.
Ғылыми жұмысының ғылыми-практикалық маңызы медиа этика ұғымын кеңінен аша отырып, этика кодекстері, журналистің құқықтық, заңдық сауаттылығы жайын көрсету. Кейде қоғамдағы мораль заңға айналып жатады. Әрине, екеуі бір-біріне байланысты болғанымен, екеуінің бір нәрсе емес екендігін ұғындыру мақсатында этика міндетін жан-жақты бағамдау.
Жұмыстың зерттеу жаңалығы қоғамда журналистің этикалық шешім қабылдауындағы тәжірибесін теориялық бағытта бағамдалуына болып отыр. Өйткені, этикалық құндылық саналатын ережелер жиынтығы журналист үшін басты мүдде болуы тиіс.
Зерттеу жұмысының құндылығы – бұқаралық ақпарат құралындағы медиа норманы талдай отырып, шеңберден шығып жатқан мәселенің мәнін ашып, талдап көрсету. Сол мақсатта ҚР «БАҚ туралы заңын», ҚР Конституциясын, ҚР «Қылмыстық кодексін», ҚР «Азаматтық кодексін», ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңын» т.б. кодекс, заңдарды басшылыққа ала отырып, тәжірибелік тұрғыда сарапталды. Ғылыми мақалада бүгінгі журналистикадағы құқықтық жарияланымдағы дерек-дәйек, пайымды, тұщымды ой қамтылды.
Библиографиялық сілтемелер
Аристотель. Большая этика. – 1984. – С.1.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.-Алматы: 1975 – 3 б.
By Mark Lisheron. Lying to Get the Truth. Oktober|. November. 2007. http://ajrarchive.org/Article.asp?id=4403
Ғабитов Т. Этика және қазақтың әдеп мәдениеті. – Алматы. 2014. -5 б.
Жақсылықбаева Р. Журналист этикасы. –Алматы: ҚазҰУ. 2013.
Immanuel Kant. Grounding for the Metaphysics of Morals, trans. James W. Ellington. Indianapolis, IN: Hackett, 1981.
Кәшібай М. Әкімдік мәліметі ресми дерекке қайшы: Шымкент наурызға қанша қаржы бөлді? 2021. 31 наурыз // https://qazaqtimes.com/article/84880
Media Ethics: Issues and Cases by Philip Patterson, Lee Wilkins , definitive guide to verifying digital content for emergency coverage http://verificationhandbook.com/) et al. Aug 24, 2018.
Media Ethics: Issues and Cases by Philip Patterson and Lee Wilkins, https://www.poynter.org/news/how-journalists-can-do-better-job-correcting-errors-social-media Jul 21, 2010.
Merrill J. Journalism Ethics. New York: St. Martin Press.1997. p.41.
NPR Ethics Handbook. These are the standards of our journalism. 2021. http://ethics.npr.org/category/a1-accuracy/
NYU Journalism Handbook for Students., 2020. http://journalism.nyu.edu/publishing/ethics-handbook/human-sources/
Нұрыш Ж. Қаңтар оқиғасы кезінде журналистер қандай қысымға ұшырады? 3 мамыр 2022. //https://newreporter.org/kz/2022/05/03/2685/
Ли Энн Пек, Гай С. Рил. Медиа этика. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. -2018. -39 б.
Professional Codes in Journalism. JOJ. 1979. P.27.
Платон //Антология мировой философии. –М.: -1969. 360 б.
Шамахайұлы Қ. Демократиялық қоғамдағы баспасөз және ақпарат құралдары. Оқу құралы. –Астана. -2006.-11 б.
References
Arïstotel. Bolşaya étïka. [Great ethics]. – 1984. - р. 1.
Äl-Farabï. Älewmettik-étïkalıq traktattar. [Social and ethical treatises]. - Almatı: 1975-3 p.
By Mark Lisheron. Lying to Get the Truth. Oktober. November. 2007
http://ajrarchive.org/Article.asp?id=4403
Ğabïtov T. Étïka jäne qazaqtıñ ädep mädenïeti [Ethics and ethical culture of the Kazakh people]. - Almatı. 2014.-5 р.
Jaqsılıqbaeva R.S. Jwrnalïst étïkası [Ethics of journalist], Almatı, Qazaq wnïversïteti, 2013, 32 b.
Immanuel Kant. Grounding for the Metaphysics of Morals, trans. James W. Ellington. Indianapolis, IN: Hackett, 1981.
Käşibay M. Äkimdik mälimeti resmï derekke qayşı: Şımkent nawrızğa qanşa qarjı böldi? [Information of the akimat contrary to official data: how much did Shymkent allocate for nauryz?]. 2021. 31 nawrız // https://qazaqtimes.com/article/84880
Media Ethics: Issues and Cases by Philip Patterson, Lee Wilkins, definitive guide to verifying digital content for emergency coverage http://verificationhandbook.com/) et al. Aug 24, 2018.
Media Ethics: Issues and Cases by Philip Patterson and Lee Wilkins, https://www.poynter.org/news/how-journalists-can-do-better-job-correcting-errors-social-media Jul 21, 2010.
Merrill J. Journalism Ethics. New York: St. Martin Press.1997. p.41.
NPR Ethics Handbook. These are the standards of our journalism. 2021. http://ethics.npr.org/category/a1-accuracy/
NYU Journalism Handbook for Students. 2020. http://journalism.nyu.edu/publishing/ethics-handbook/human-sources/
Nurış J. Qañtar oqïğası kezinde jwrnalïster qanday qısımğa uşıradı? [What is the role of journalists during the Qantar incident?] 3 mamır, 2022./ /https://newreporter.org/kz/2022/05/03/2685/
Lï Énn Pek, Gay S. Rïl. Medïa étïka. [Media еthics]. Almatı: Ulttıq awdarma byurosı. -2018. - 39 b.
Professional Codes in Journalism. JOJ. 1979. P.27.
Platon. Antologïya mïrovoy fïlosofïï. [Anthology of World Philosophy]. - M.: -1969. 360 р.
Şamaxayulı Q. Demokratïyalıq qoğamdağı baspasöz jäne aqparat quraldarı. [Рress and media in a democratic society]. Oqw quralı. –Astana. -2006.-11 b.