Климаттың өзгерісі туралы сауаттылықты қалыптастырудағы БАҚ рөлі: мәселелер мен мүмкіндіктер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.1
        156 123

Кілттік сөздер:

климаттың өзгеруі, журналистика, жаһандық климаттық дағдарыс, деректі фильмдер, қоршаған орта.

Аннотация

Бұл зерттеудің мақсаты мен идеясы – ғаламдық атмосфераға зиян тигізетін және елеулі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық қауіптер тудыратын адам әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын климаттың өзгеруінің дүниежүзілік проблемасын шешуде БАҚ-тың маңызды рөлін анықтау. Ғылыми жұмыстың басты бағыттары аталған мәселенің жаһандық ауқымын бағалау және осы жүйедегі ақпараттандыру жұмыстарын арттыру, сонымен қатар медиа бірлестіктерді тиімді де ықпалды әрекеттерге ынталандыру үдерістерін қарқындату негізінде жүргізіледі. Климат өзгеруінің адамзаттың дамуына және оның болашағына зор қауіп төндіретіні жүйелі түрде айтылып жүрсе де, жұртшылықтың оны түсінуі проблемалық күйінде қалып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыратын, көпшіліктің азаматтық белсенділігін арттыруға әсер ететін және олардың белгілі бір мәселелерді жұмыла шешуіне ықпал ететін негізгі ақпарат көзі ретінде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы орайда, автор бұл мәселені жан-жақты талдап, осы зерттеудің нәтижелері мен талдауын климаттық өзгерістерді тиімді шешудің ұтымды жолы ретінде ұсынады. Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы – БАҚ мамандарының климаттық тақырыптар бойынша жақсы хабардар болуы мен бұл тақырыптың оқылымын арттыруды қамтамасыз ету және климатқа қатысты мазмұнды коммуникациялық оқу бағдарламаларына қосуға шақыру. Мақаланың әдістемесі БАҚ-тардағы климаттың өзгеруі мәселесінің көтерілу деңгейін нақты ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып анықтау және әлеуметтік медиалардағы климаттың өзгеруін жоққа шығару тұжырымдамаларын да кешенді түрде қарастыру. Сондай-ақ, нәтижелердің қолданбалық маңыздылығы деректі фильмдердің климаттық дағдарыстың қауіп-қатері мен зияндылығының зардабын хабарлау және қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін қуатты құрал болатындығынан және әлеуетінің жоғары екенінен көрінеді. Зерттеуде көпшіліктің санасына өзгеріс әкелген әсерлі деректі фильмдердің мысалдары келтірілген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – әртүрлі медиа платформаларда климат пен қоршаған орта туралы ақпараттарды жүйелі түрде жұртшылыққа ұсынып, олардың сауаттылығын арттыру.

Автордың биографиясы

Zakir AVŞAR , Хаджи Байрам Вели университеті, Түркия, Анкара

Профессор, доктор, Хаджи Байрам Вели университеті, (Түркия, Анкара

эл. пошта: zakir.avsar@hbv.edu.tr)

Жүктелулер

Как цитировать

AVŞAR , Z. (2024). Климаттың өзгерісі туралы сауаттылықты қалыптастырудағы БАҚ рөлі: мәселелер мен мүмкіндіктер. Журналистика сериясы, 71(1), 4–12. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.1

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.