Мультимедиялық технологиялар дәуіріндегі театр журналистикасының трансформациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.7
        134 110

Кілттік сөздер:

театр журналистикасы, арт-журналистика, онлайн-журналистика, БАҚ, мультимедиялық технологиялар, театр, журналистика жанрлары, медиакоммуникация.

Аннотация

Мақалада мультимедиялық дәуірдегі театр журналистикасының өзгеру мәселесі қарастырылады. Театр журналистикасы арт-журналистиканың ажырамас бөлігі бола отырып, эстетикадан басқа мәдениетаралық ақпаратты да таратады. Бұл, әсіресе, мазмұнды жеткізудің жаңа тәсілдерін анықтайтын инфокоммуникациялық технологияларды дамытудың қазіргі кезеңінде өте маңызды. Мақаланың мақсаты - интернеттегі театр журналистикасы жанрларының өзгеру ерекшеліктерін анықтау, онлайн театр БАҚ-тарын талдау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы - мазмұн, стилистика және ақпараттық құндылық тұрғысынан онлайн-театр журналистикасының жаңа форматтарын анықтау және сипаттау болып табылады. Зерттеу әдістемесі жүйелік тәсілді, салыстырмалы талдау әдісін қарастырады. Эмпирикалық материалмен жұмыс жасау барысында автор мазмұнды талдау әдісін де қолданады.

Зерттеу нәтижесі мультимедиялық технологияларды дамытудың қазіргі кезеңінде театр журналистикасы жанрларының жаңа бағыттарын тұжырымдау болып табылады. Бүгінгі таңда театр өнері әлеміндегі құбылыстар туралы ақпарат қазіргі мемлекеттердің мәдени саясатының дамуының көрінісі ғана емес, сонымен бірге осы мақаланың ғылыми құндылығын анықтайтын идеологиялық тақырып болып табылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы арт-журналистика, мәдениеттану, коммуникация теориясы бойынша практикалық сабақтарды әзірлеуде нәтижелерді пайдалану перспективасына байланысты. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін театр өнері тарихы курстарында, театр журналисі мен медиа коммуникация әдістемесі бойынша арнайы курстарда қолдануға болады.

Автордың биографиясы

S.N. Velitchenko, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан, Алматы

кандидат филологических наук, доцент ВАК, ассоциированный профессор кафедры медиакоммуникаций и истории Казахстана Международного университета информационных технологий (г. Алматы Казахстан, эл.почта: velit_1988@mail.ru).

Библиографиялық сілтемелер


Жүктелулер

Как цитировать

Velitchenko, S. . (2024). Мультимедиялық технологиялар дәуіріндегі театр журналистикасының трансформациясы. Журналистика сериясы, 71(1), 68–79. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.7