Конвергентті журналистикадағы жанрлар үдерісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.6Кілттік сөздер:
мультимедиалық журналистика, онлайн медиа, медиа тренд, жанр, лонгрид, строителлинг, қысқа бейнежазба, тенденция.Аннотация
Журналистикада трансмедиа деп аталатын ұғым бар. Жалпы трансмедиа әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты баяндауға қатысады. Мультимедиадан айырмашылығы – барлық бұқаралық ақпарат құралдары өзара байланыста болады. Мәселен, роман сюжетінің шағын өзгерістерімен фильмге бейімдеу немесе повестің бірінші бөлігін телевизиялық шоу, екінші бөлігін фильм, үшінші бөлігін бейне ойын арқылы баяндау мүмікіндігін тек трансмедиа технологиясы жасай алады. Жалпы әлемде көркем әдебиеттің ажырамас элементтерін таратудың әртүрлі тұстары қалыптасқан. Трансмедиалық ақпарат дегеніміз әлемге ел туралы құнды мәліметтер беретін тұжырым жүйесі. Ондағы ақпарат негізі тарихпен және көптеген мәтіндермен байланысты. Баяндау құрылымы тарихи деректерге толы болады және мәтіндер мен аудио, бейне, қаріптер, сурет, инфографика және т.б. маңызды компонент болып табылады. Әр мәтін өз бетінше әңгіме жасай алады, әлемнің тарихын толығырақ баяндайды. Бір-бірінен тәуелсіз барлық элементтерді біріктіргенде, әрбір элемент негізгі тарихқа өз үлесін қосады. Сол үшін де трансмедианың тиімділігі сторителлинг әдісімен тікелей байланысты. Ғылыми мақаланың мақсаты мен негізгі бағыты онлайн-медиадағы жаңа мультимедиалық жанрлардың қалыптасу процесінің ерекшеліктерін зерттей отырып, қазіргі таңдағы жанрлардың түрленіп, басқа формаларда берілу тәсілдерінің ерекшеліктеріне тоқталу болды. Мақаланың ғылыми және практикалық маңызы қазақ журналистикасында орын алып келе жатқан жаңа тенденцияларды сөз ете отырып, лонгрид, строителлинг, қысқа бейнежазба секілді жаңадан енген терминдік жанрлардың қазақтілді БАҚ мониторингін жасауға әрекеттену.
Ғылыми-зерттеу барысында салыстырмалы талдау әдісін пайдалана отырып, негізгі нәтиже мен талдау олардың ерекше сипаттамалары мен даму динамикасының тенденцияларын қарастыру болып табылды
Malim.kz, Массагет.kz, Balbal.kz секілді сайттарда жарияланған материалдарға талдау жасай отырып, қазіргі таңдағы сұранысты өтеп отырған сторителлинг, лонгрид секілді жанрлардың жаңа үрдісінің табиғатын ашуға тырыстық. Жоғарыда аталған жанрлардағы материалдарға мазмұндық талдау жасай отырып, біз олардың өзіндік ерекшеліктерін бөліп көрсете алдық. Ғылыми зерттеудің бүгінгі таңдағы маңыздылығы жалпы мультимедиалық журналистика материалдарын ұсынудың жаңа форматтарының бәсекеге қабілеттілік критерийлері мен үрдістерін негіз етіп қарастыруында болды.