БАҚ-тағы креативті индустрия мәселесі: креативті экономика және әлемдік тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.8
        128 83

Кілттік сөздер:

БАҚ, креативті индустрия, креативті экономика, жаңа мамандықтар Атласы, цифрлық мәдениет.

Аннотация

Мақалада БАҚ-тағы креативті индустрия мәселесі және әлемдік тәжірибеге негізделген креативті экономиканың даму бағыттары талданады. Шығармашылық индустрияның қалыптасуы екімыңыншы жылдары әлем елдерінің дағдарысқа ұшыраған кезеңдеріне тұспа-тұс келді. Сондықтан оны дағдарысты жоюға қарсы құрал ретінде пайдалану қажеттілігі туды. Осы саланың қарқынды түрде дамуы экономика мен мәдениет секторындағы шығыстардың өсуіне әсер етті. Сондай-ақ индустриялық-инновациялық құрылымдардың қызметі жақсара бастады. Креативті индустрияны жетілдіру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, «шығармашылық экономиканың» алғышарттары пайда болды. Инновациялық білім беру бағдарламалары құрастырылып, тиімді мәдени шаралар іске асты.

Зерттеу мақаланың  мақсаты – БАҚ-тағы креативті индустрияның  әлемдік тәжірибесінің үлгілерін терең қарастыру арқылы, оны Қазақстанның экономикалық саясаты мен сыртқы экономикалық байланыстарын жақсартудағы қолданыс аясын  жетілдіруге ықпал ету.

Мақалада креативті индустрия, креативті экономика, креативті ұғым туралы ғылыми-теориялық еңбектер мен жарияланымдарды талдай отырып, қорытынды жасау әдістері пайдаланылды. БАҚ-тағы жарияланған материалдар мен тақырыпқа қатысты зерттеулер ұсынған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері негізінде әлеуметтік және статистикалық мәліметтер  көрсетілді.

    Креативті идеяларды зерттеу жұмыстары Қазақстанда 2021 жылдан бастап жүзеге асты. Жаңа мамандықтардың Атласы пайда болып, экономиканың сан түрлі  қажеттілігін болжауға болатын мүмкіндіктер туды. Атласта еңбек нарығын өзгертетін басты салалар көрсетілді. Оның ішінде  тау-кен металлургия, мұнай-газ, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, энергетика, туризм, машина жасау, құрылыс сияқты өндіріс орындары бар.

    Зерттеу жұмысының нәтижесінде 2002 жылдан әлем бойынша креативті тауарлардың экспорты мен импортының екі есе өскендігі айқындалды. Креативті индустрияның қарқынды өсуі АҚШ,  Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Жаңа Зеландия мен Гонконг сияқты елдерде байқалған. Зерттеу мақаланың құндылығы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен қазақстандық БАҚ-тағы креативті индустрия мәселелерінің жазылуын тереңінен қарастыру арқылы айқындалады. 

Мақалада Британдық кеңестің Қазақстандағы креативті индустрияларға жүргізген зерттеулеріне де назар аударылады. Онда заңды тұлғаларды тіркеу, жұмыспен қамту, жалақы сияқты маңызды деректер көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда креативті индустрияға арналған он жеті мың кәсіпорынның жұмыс істейтіндігі белгілі болды.

Авторлардың биографисы

А. Р. Рамазан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

филология ғылымдарының докторы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  Aigulramazan65@mail.ru);

Ғ.Т. Майкотова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

 (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: e-mail: maikotova.galia1971@gmail.com);

М. К. Әлмұхаметова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: mahabbat-almuhametova@mail.ru);

Ф.А. Жолдас, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 1 курс магистранты (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  Joldas.fariza@bk.ru);

Ж. М. Ортай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 1 курс магистранты (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  zhanerke.ortay@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Рамазан, А. Р. . ., Майкотова, Ғ. ., Әлмұхаметова, М. К. ., Жолдас, Ф. ., & Ортай, Ж. М. . . (2024). БАҚ-тағы креативті индустрия мәселесі: креативті экономика және әлемдік тәжірибе. Журналистика сериясы, 72(2), 80–92. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.8