Цифрлық дәуірдегі дипломатиялық үдерістер: «желілік дипломатия» және Қазақстан имиджі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.10
        115 78

Кілттік сөздер:

желілік дипломатия, ел имиджі, коммуникация, цифрландыру, медиативті қоғамдық дипломатия.

Аннотация

Аталмыш мақалада зерттеу пәні  халықаралық  журналистика саласында  өзекті болып келе жатқан қоғамдық дипломатия  мен жаңа «нет-дипломатия»  мәселесі қарастырылады.  Қазіргі ғылымда күн сайын өзгеріске түсіп жатқан жаңа дипломатияның түрлері  түсінікті емес.  Мақала авторлары «нет-дипломатия» терминін  жаңа шығып жатқан «тви-дипломатия» (X-дипломатия), «жария дипломатия», «сандық дипломатия», «медиативті қоғамдық дипломатиямен» салыстыру  арқылы ел имиджін көтеруге ықпалы зор екенін дәлелдейді.  Осы тұста зерттеу әдістері: бақылау және аралас әдістер қолданылады.  Зерттеудің методологиясы ретінде сапалық талдау әдістемесін пайдалана отырып, автор отандық дискурста қалыптасқан жаңа дипломатия түрлерін АҚШ-тың  қоғамдық дипломатияны жүргізу әдісімен салыстырады. Авторлар «нет-дипломатия» қоғамдық  дипломатияның  бір түрі ретінде,  мемлекеттің ұлттық мүдделерін дамытуға және халықаралық аренада имиджін көтеру құралы ретінде қызмет етеді деген қорытындыға келеді. Зерттеу нәтижесінде ел имиджін жақсарту үшін күн сайын өзгеріске түсіп жатқан дипломатия түрлерін халықаралық қатынастар, журналистика аясында ендіру бойынша сыни пікірлер айтылып, арнайы  ұсыныстар жасалады.

Мақаланың практикалық маңызыдылығы дәстүрлі дипломатияның жаңа түрімен танысып оны қолданысқа енгізу. Жаңа дипломатия түрлерін дұрыс қолдану.

Авторлар бұл зерттеу аясында дәстүрлі дипломатияның заман талабына сай үлкен өзгеріске түскенін дәлелдейді.  «Тви-дипломатия», «медиа дипломатия», «жария дипломатия» және «қоғамдық дипломатия» тақырыбы тек саясаттану ғылымында ғана емес сонымен қатар журналистика, коммуникация, PR саласындағы мамандарға өзекті әрі пайдалы болады деген сенімдеміз.

Авторлардың биографисы

А.A. Таssilova , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

(корреспондент автор)- PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан. E-mail: taika9183@gmail.com);

Н.Т. Шыңғысова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

 Филология ғылымдарының докторы, профессор Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан. E-mail: nazgul.shyngyssova@gmail.com);

Н.А. Тасилова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

Тасилова Назия Айтбаевна - Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан.. E-mail: tasnaz@mail.ru );

Ж.Е. Жаппасов, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы - Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық  инженерлік-технологиялық университеті (Алматы қ., Қазақстан. E-mail: zhappasov-74@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Таssilova А. ., Шыңғысова N., Тасилова N., & Жаппасов Z. . (2024). Цифрлық дәуірдегі дипломатиялық үдерістер: «желілік дипломатия» және Қазақстан имиджі. Журналистика сериясы, 72(2), 104–111. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.10