Қазақстан Тәуелсіздігі кезеңінің мәдениеті туралы тақырыптық бағдарламалар (телевизиялық) және мерзімді басылымдар (мазмұны, оларды қалыптастыру тәсілдері)
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v73.i3.11Кілттік сөздер:
мәдени саясат; масс-медиа; арт-журналистика; ұлттық біргейлік; жаһандану; ақпараттық кеңістік.Аннотация
Жаһандану жағдайында Қазақстандағы ұлттық БАҚ-қа өзінің бай мәдени мұрасы мен әлеуеті бар қазақ халқының мәдени ерекшелігін сақтай отырып, қоғамды шоғырландыру мәселесін шешу міндеті тұр, міне, осы мәселе аталған ғылыми еңбектің өзекті тұсы. Медиаресурстар мен сала проблемаларының қызметін талдау мемлекеттің мәдени саясатын жетілдіруге және мәдениетті ел азаматтарының ұлттық идеологиясы мен құндылық бағдарларын қалыптастырудың тиімді құралына айналдыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – посткеңестік кезеңдегі мәдениет туралы қазақстандық масс-медианың даму ерекшеліктері мен тенденцияларын пайымдау. Ғылыми жұмыстың әдіснамалық негізі салыстырмалы, тарихи, болжау, құрылымдық-функционалдық және жіктеу сияқты таным әдістерін біріктіру негізінде құрылды.
Ғылыми-зерттеу еңбегінің негізгі нәтижелері посткеңестік кезеңде Қазақстанда сапалы жаңа БАҚ құру процесін талдаудан, қазақстандық медиаресурстардың азаматтардың мәдени басымдықтарын қалыптастыруға әсерін бағалаудан, мәдениетті қоғам дамуының факторы ретінде тану контекстінде салалық баспасөзді жетілдіру перспективаларын тұжырымдаудан тұрады. Сонымен қатар, жұмыста мемлекеттің мәдениет саясатын қалыптастыру тетіктері қарастырылды, оның ішінде мәдениет саласында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану басты орындардың бірі, сонымен қатар мәдениет туралы телебағдарламалардың негізгі тақырыптары мен мерзімді басылымдардың жанрлық ерекшеліктері зерттелді.
Зерттеу мақаласын ғылыми-зерттеу мен қолданбалы салаларда, атап айтқанда, аталмыш жұ- мыс посткеңестік кезеңдегі отандық журналистиканың даму мәселелерін зерттейтін ғалымдарға, сондай-ақ мәдениет саласында саясатты жүзеге асырып жатқан елдің мемлекеттік қызметкерле- рі қолдана алады.