Студенттер, зерттеушілер мен тәжірибелі мамандар үшін ChatGPT-ді медиа зерттеуде пайдалану шындығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.1Кілттік сөздер:
ChatGPT, шындық, академиялық медиа зерттеулер, тіл, аударма.Аннотация
Бұл мақалада ChatGPT құралын академиялық мәтінде пайдалану мүмкіндігі мен алгоритмін анықтау үшін 2023 жылдың екінші жарты жылдығында жүргізілген зерттеу нәтижелері бар. Осы бағыттың тұжырымдамасында көрсетілген сауалнамаға 249 адам қатысты.
Зерттеудің мақсаты – академиялық медиа зерттеулерде ChatGPT құралдарының сапалық және сандық сипаттамасын, қолдану әдістемесін, артықшылығы мен кемшілігін анықтау. Негізгі идея (гипотеза) ғылыми медиа зерттеулердегі ChatGPT пайдаланушылардың біліктілігі, жасы мен дағдысы арасында статистикалық маңызды байланыстың болуы, сондай-ақ адам ресурсын пайдаланбай зерттеу жүргізуде ЖИ мүмкіндігін қарастыру.
Автор ғылыми зерттеуде аталған ЖИ қолданбасының ақпараттың сапалық санаттарын, мазмұнын, ақпараттылығын, пайдалылығын, құндылығын және қолдану мүмкіндіктерін бағалаудың әмбебап әдісіне жүгінді.
Ең маңызды нәтижелер: сауалнама ChatGPT-тің академиялық медиа зерттеудегі көптеген артықшылығын көрсетті; олардың ең бастысы - ақпаратты іздеу кезінде уақыт пен күш-жігерді үнемдеу. Қатысушылардың көпшілігі ChatGPT-мен таныс екенін және онымен Интернетте жұмыс істейтінін растады. Алайда, бұл чат-ботты пайдалану медиа зерттеуін жүргізу кезінде адам ресурсын тарту қажеттілігін жояды деген пікірді қолдамайды. Түпкілікті нәтижесінде автор ғылыми мәселені шешу үшін ChatGPT пайдалану арасында айтарлықтай байланыс жоқ екенін және сауалнамаға қатысушылардың жасы мен жынысы ғылыми зерттеулерде адамның қатысуын жоққа шығаруға қатысты пікірлерге әсер ететінін атап өтеді. Автор ChatGPT-ді ақпаратты, дереккөздерді, сілтемелерді беру үшін емес, зерттеу тілін жақсарту, ақпаратты аудару және жинақтау үшін пайдалануды ұсынады.