Интернет дәуіріндегі журналистік этика: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.6Кілттік сөздер:
журналистік этика, онлайн медиа, БАҚ, журналистика, журналист жауапкершілігі, цифрландыру.Аннотация
Интернет дәуірі журналистиканың қарқынды дамуына айтарлықтай ықпал етті. Журналистикадағы цифрлық технологияның өркендеуі екі маңызды салдарды туындатады: біріншіден, интернет жаңа медиа платформалардың, атап айтқанда, онлайн медианың құрылуына негіз болып, бұл ақпаратты іздеу, өңдеу және жылдам таралу процесіне жол ашты. Екіншіден, журналист этикасы публицистік жарияланым мен журналистердің мінез-құлқын реттейтін норма жиынтығы ретінде интернет-журналистика дәуірінде сын-тегеурінге тап болуда.
Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – онлайн медиада этикалық норманы сақтаумен байланысты өзекті мәселені талдау, жалған ақпарат, фактіні бұрмалау, дереккөздің ашықтығы сынды журналистік этика бұзылуының негізгі түрін анықтау.
Зерттеуде мазмұндық талдау, кейс-стади, сауалнама сынды әдіснамалық тәсіл арқылы плагиат және фактінің бұрмалануы мен жалған ақпарат арқылы мақала мен онлайн медиа жарияланымның мазмұнын зерттеуге, талдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында интернет технологияның қарқынды дамуы мен онлайн медианың артуы жағдайында байқалған журналистік этиканың бұзылуы қарастырылды. Тақырыптың өзектілігі цифрлық ортаның ақпаратты құру және тарату тәсілін айтарлықтай өзгерткеніне байланысты, бұл, өз кезегінде журналистикадағы этикалық норманың сақталуына әсер етеді. Мақалада фактілердің бұрмалануы және тексерудің болмауы, ақпаратты манипуляциялау сынды журналистік этиканың негізгі бұзылуы зерттелді. Әлеуметтік медиа мен жаңалық алмасу платформаларының журналистік материалдың сапасына және аудиторияның сеніміне әсері талданды. Зерттеу соңында цифрлық дәуірде қоғамды жауапкершілікпен ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін онлайн медиадағы этикалық стандартты нығайту бойынша ұсыныс тұжырымдалды.
Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы журналистік кәсіби стандарт үшін жаңа сын-қатерді анықтауға көмектесетін цифрландыру жағдайында журналистік этиканың өзгеруіне байланысты мәселелерді өзектендіру қабілетінде жатыр. Зерттеу журналистиканың теориялық базасын байытады, онлайн медиа жағдайында этикалық норманың қалай өзгеретінін және одан әрі академиялық зерттеудің қаншалықты өрбитінін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы цифрландырудың журналистиканың дәстүрлі этикалық нормасына әсерін жан-жақты талдаумен сипатталады. Мақалада сауалнама арқылы алынған эмпирикалық деректер және интернет жағдайындағы медиа тәжірибелер талданып, жасалған қорытындыларды негіздеуге және этикалық нормаларды заманға сай бейімдеу бойынша ұсыныстар тұжырымдауға мүмкіндік берді.