Цифрлық технологиялардың даму кезеңіндегі медиасауаттылық мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.8Кілттік сөздер:
медиасауаттылық, фейк ньюс, дизинформация, ақпараттық технологиялар, жалған ақпарат, фактчекинг.Аннотация
Қарқынды цифрлық дамудың арқасында адамдардың ақпараттық технологияларға, ғаламторға, әлеуметтік желілерге еркін қолжетімділігі түрлі ақпарттарды тұтыну еркіндігіне әкеліп отырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ақпарат ағынына, оны өндіру және таратудың еркіндігіне де әкеліп отыр. Яғни, қазіргі таңда журналистер мен медиа ұйымдар ғана емес, кез-келген қолында гаджеті бар адам өзінің контентін құрып, ақпарат беру мүмкіндігіне ие болуы тексерілмеген, сенімсіз, жалған ақпараттардың ағынын арттыруда. Бұл ғылыми жұмыстың мақсаты мен бағыты бүгінгі цифрлық ғасырда ақпараттың сенімді не сенімсіз екенін, ақ-қарасын ажырата білудің маңыздылығына тоқталу және оған қол жеткізу жолдарын талқылау. Себебі, фейк ньюс, дизинформация мен манипуляцияға құрылған ақпарат адамның санасына, әлеуметтік-экономикалық, моральдық жағдайына кері әсер етіп, тіпті мемлекеттік деңгейде ол елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, тұтастығына, ақпараттық қауіпсіздігіне де нұқсан келтіруі мүмкін. Ғылыми жұмыста отандық және әлемдік ғалымдардың зерттеу жұмысы талқыланып, еліміздегі медиасауаттылық деңгейіне жасалған жұмыстарға шолу жасалынды. Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы коммуникация түрлері, әлеуметтік желілердің қарқынды дамуымен қатар жалған ақпараттардың дені артқандығын дәлелдеу, халықтың ақпараттық, медиа сауатттылық деңгейін саралау, әсіресе жастардың жалған ақпаратты жетегінде болмауын талқылай отырып, одан шығу жолдарын қарастыру. Мақалада медиасауаттылық жалған ақпараттарға, манипуляцияға төтеп берудің бірден бір жолы ретінде қарастырылып, теориялық және тәжірибелік шолу жасалып, аталған ұғымға қатысты шетелдік және отандық авторлардың ғылыми жұмыстары сарапталып, еліміздегі медиасауаттылық деңгейіне жүргізілген зерттеуге талдау жасалды.