Қазақ медиасының сөз байлығы: «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» мен «Айқын» басылымдарының материалдарын, әлеуметтік желілердегі жазбаларды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ202576202Кілттік сөздер:
сөз байлығы, медиа орта, қазақ тілі, технологиялық инновация, әлеуметтік желі, сөздік қор.Аннотация
Мақалада қазақ бұқаралық коммуникация құралдарында жарияланған мәтіндердегі сөз байлығы мен мәтін жазушылардың сөздік қорының сапасына талдау жасалған. Мәтіндердің сандық және сапалық өлшемдерін бағалауда BirOtan lex онлайн сервисі қолданылды. Зерттеуде 1990-2024 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» мен «Айқын» газеттерінде, сондай-ақ Facebook және Twitter (қазір Х) әлеуметтік желілерінде жарияланған материалдардың лексикалық байлығының өзгеру динамикасы қарастырылған.
Зерттеудің негізгі болжамы – технологиялық жаңашылдықтар мен коммуникациялық процестер қазақ тілінің лексикалық байлығына кері әсерін тигізуде. Атап айтқанда, мәтін жазушылдардың сөз байлығы мен жалпы контенттегі сөздік қордың азаю тенденциясы байқалады. Бұл қазіргі мәтіндердегі лексикалық саналуандықтың шектелуіне әкелуде. Авторлар әлеуметтік медиа сияқты цифрлық платформаларды пайдалану сөздік қордың азаюына және тілдің жұтаңдануына ықпал ететінін атап өтеді. Бұл талдау қазақ тілінің жаңа медиа ортадағы бүгінгі жай-күйі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беріп, жедел технологиялық өзгерістер жағдайында тілді қолдану ерекшеліктерін анықтайды.
Зерттеу жұмысында қазіргі ақпараттық дәуір жағдайында қазақ тілін сақтау және оның лексикалық қорын дамытудағы медиа алаңдардың рөлі туралы маңызды тұжырымдар жасалады. Авторлар қазіргі медиа-ортаның контекстінде тілдің жұтаңдануына бастайтын тетіктер мен факторларға назар аударып, цифрлық медиа платформалардың, әсіресе әлеуметтік желілердің, сөздік қордың азаюдағы әсеріне назар аударады.
Мақалада қазақ тілінің бұқаралық коммуникациялық ортадағы бүгінгі жай-күйі көрсетіліп, қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында тілдің лексикалық қорын сақтау және дамыту қажеттілігі көрсетіледі. Қазіргі ақпараттық дәуір жағдайында қазақ тілін сақтау және оның сөздік қорын дамытуға қатысты құнды тұжырымдар мен ұсыныстар жасалып, цифрлық дәуірдегі тілдің әлеуетті болашағы қарастырылады.
