Қазақстан телеарналары жаңалықтар қызметіндегі жаңа технологиялық үрдістер

Авторлар

  • Ш.И. Калиаждарова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2002-2680
  • С.В. Ашенова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-5301-5340
  • Ж.Д. Сейтжанова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0007-6603-8625
  • К.С. Мукушева Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-7149-0498

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ202576209
        180 69

Кілттік сөздер:

эстетика, прогресс, фотопостер, ньюсмейкер, полиэкран, ракурс.

Аннотация

Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер Қазақстан медиа саласына да әсер етті. Бұл әсіресе күнделікті ақпарат таратумен айналысатын жаңалықтар қызметі келбетінің өзгеруіне әкелді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – тележаңалықтар қызметіндегі ақпарат беру әдіс-тәсілдеріндегі өзгерістерді, жаңалықтың эфирден беру реттілігіне қойылатын талаптарын және технологиялық прогрестің жаңалықтар мазмұны мен эстетикасына әсерін анықтау.

Телеарналардағы жаңалықтар қызметі – жан-жақты зерттелген сала болғанымен, ондағы заманауи үдерістер үнемі саралауды талап етеді.

Зерттеудің идеясы – телевизиялық ақпараттың сапалық ерекшеліктерін ашу арқылы оның заманауи медиажүйедегі орнын айқындау.

Ғылыми-практикалық мәні – бұл зерттеу тележурналистиканың қазіргі даму үрдістерін түсінуге мүмкіндік береді және телевизиялық жаңалықтар қызметін жетілдіруге қажетті практикалық ұсыныстарды айқындайды. Әлеуметтік желілердің ықпалы артып жатқан кезеңде, телевизияның өзіндік артықшылықтарын сақтап қалу жолдарын қарастырады.

Зерттеу әдіснамасы – жұмыс барысында 24kz, 31-арна, КТК секілді танымал отандық арна өнімдері талданып, ғалымдар, медиамамандар мен сарапшылар пікірі негізінде  салыстырмалы талдау жасалып, тәжірибелік маңызы анықталды.

Құндылығы – бұл мақала тележурналистиканың кәсіби және технологиялық жаңару жолдарын көрсету арқылы отандық телевизияның сапалы дамуына ықпал етеді. Жаңалықтар эстетикасының өзгерістері, аудиторияға ақпарат жеткізу әдістерінің эволюциясы практикалық және теориялық деңгейде зерделенді. Сондай-ақ, телеарна басқа бейнеплатформалармен бәсекелестікке түстік деп, өзінің кәсіби деңгейін түсіріп алмау мәселесі, телевизия – сапалы өнім өндіретін орта, технологиялық прогресс ТВ-дағы үрдістерді үнемі өзгертіп тұратындығы, телевизиялық бейнеконтент құндылығын түсіріп алмау қажеттігін қамтуымен құнды.

Авторлардың биографиясы

Ш.И. Калиаждарова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы, Қазақстан

Калиаждарова Шынар Идрышевна (корреспондент автор) – PhD, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ. Қазақстан, эл.пошта: s.kaliazhdarova@mail.ru);

С.В. Ашенова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ.

Ашенова Сауле Викторовна – саяси ғылымдар кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ. Қазақстан, эл.пошта: saule_ashenova@mail.ru);

Ж.Д. Сейтжанова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ.

Сейтжанова Жанат Докторбекқызы - филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ассистент-профессоры (Қазақстан, Алматы қ. e-mail: seitzhanova.zhanat1@gmail.com);

К.С. Мукушева, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,Қазақстан, Алматы қ.

Мукушева Құралай Сериковна – PhD, Торайғыров Университеті, «Филология және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ. Қазақстан, эл.пошта: Kuralay-1976@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Калиаждарова, Ш., Ашенова, С., Сейтжанова, Ж., & Мукушева, К. (2025). Қазақстан телеарналары жаңалықтар қызметіндегі жаңа технологиялық үрдістер. Журналистика сериясы, 76(2), 122–133. https://doi.org/10.26577/HJ202576209