Іскерлік журналистиканың теориялық және практикалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ20257845Кілттік сөздер:
іскерлік, бизнес, экономика, кәсіпкерлік, журналистика, массмедиа, электронды медиа.Аннотация
Бұл зерттеу іскерлік журналистиканың негізгі бағыттарын және оның қоғам мен экономикадағы рөлін талдауға арналған. Іскерлік журналистика қазіргі таңда бизнес, экономика, қаржы және технология салаларындағы маңызды ақпарат көздерінің бірі болып табылады. Ғылыми жұмыстың мақсаты ретінде іскерлік журналистиканың ерекшеліктерін, оның қаржы, экономика, технологиялар, денсаулық сақтау, туризм және басқа да салалармен байланысын анықтау, бұл саладағы журналистік маманданудың маңыздылығын көрсетуді негізге алдық. Атап айтқанда зерттеу кәсіпкерлік, қаржы, инвестициялар, жылжымайтын мүлік, технологиялар және экология сияқты салаларға бөлінген іскерлік журналистиканың негізгі тұжырымдамаларын талдаудан тұрады.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы іскерлік журналистиканың заманауи теориясы мен практикасына цифрлық коммуникация құралдары тұрғысынан зерттеулер енгізу, осы саладағы ақпараттық контентті жетілдіру мақсатында жаңа тұжырымдамалар ұсынуға бағытталған.
Зерттеу әдістемесі ретінде контент-талдау, салыстырмалы сараптама және салааралық талдау қолданылды. Негізгі нәтижелер ретінде іскерлік журналистиканың салаларға бөлінуі, әрбір бағыттың терең талдануы және оған қатысты мамандану қажеттілігі айқындалды.
Зерттеу нәтижесінде іскерлік журналистиканың теориялық аспектілеріне талдау жүргізілу арқылы практикада қолдану үшін тиімді әдістер ұсынады.
