Жаһандық теория, жергілікті контекст: Қазақстан медиасын Хабермас идеялары тұрғысынан талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ20257847Кілттік сөздер:
қоғамдық сала теориясы, Хабермас, Қазақстан, дижитал медиа контекст, саяси коммуникация, қоғамдық қозғалыс.Аннотация
Хабермас қоғамдық саланы қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер рөл атқаратын кеңістік ретінде сипаттайды. Онда азаматтар ортақ мүддедегі мәселелерді еркін және ашық талқылап, демократиялық үдеріс арқылы өздерінің ортақ әлеуметтік болашағына ықпал етуге тырысады. Осы анықтама туралы оның 1989 жылғы «Қоғамдық cала» еңбегінде жазылған. Қоғамдық саланың тарихи трансформациясын әлеуметтанулық тұрғыдан талдай отырып, Хабермас азаматтардың өз болашағына бірлесіп, бейбіт демократия арқылы әсер етуге мүмкіндік беретін жүйені қалыптастырудың нақты, «көрнекі» жолдарын анықтауға ұмтылды. Бұл мақалада Хабермастың қоғамдық сала теориясындағы кейбір маңызды тұжырымдар қайта қаралып, олардың қазіргі Қазақстанның медиа контексін талдаудағы ықтимал құндылығы зерттеледі. Қоғамдық сала концепциясы теориялық негіз ретінде, ал зерттеу тәсілі ретінде жағдайлық талдау (case study) мен логикалық пайымдау әдісі қолданылды. Автор Хабермас теориясының идеяларын Қазақстанның қазіргі медиа мен коммуникация саласындағы өзекті мәселелерге тиімді қолдану жолдарын талдап, талқылайды. Талдау нәтижелері көрсеткендей, қоғамдық сала тұжырымы Орталық Азияның дамушы мемлекеті болып табылатын Қазақстанның медиа мен коммуникация саласындағы қазіргі мәселелерді зерттеу үшін маңызды әрі құнды теориялық негіз бола алады.
