Журналистік дискурстағы прототекст пен метатекстің рөлі: семиотикалық аспект
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ202578412Кілттік сөздер:
аударма, журналистика, баспасөз хабарламасы, жаңалық, машиналық аударма.Аннотация
Бұл ғылыми зерттеу қазіргі онлайн-медианың қарқынды дамуы жағдайында протомәтін мен метамәтін арасындағы өзара байланыс пен трансформация үдерістерін талдауға арналған.
Зерттеудің мақсаты – ақпараттық платформаларда жарияланған жаңалық мәтіндерінің бастапқы дереккөзге сәйкестік деңгейін анықтау, мәтіннің құрылымдық, семантикалық және прагматикалық өзгеру механизмдерін жүйелеу, медиадискурстағы интерпретациялану ерекшеліктерін көрсету. Зерттеу идеясы ақпаратты қайта құрастыру, ықшамдау, мағыналық реңкін өзгерту медиакеңістікте қалыпты үрдіске айналғанын және бұл жағдай ақпарат сапасына тікелей ықпал ететінін дәлелдеуге негізделеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы салыстырмалы сараптама, контент-талдау, дискурс-талдау, құрылымдық және семантикалық сараптау тәсілдеріне сүйенеді.
Зерттеу нысаны ретінде қазақстандық ақпараттық платформаларда жарияланған қазақ және орыс тілдеріндегі жаңалық мәтіндері, олардың түпнұсқалық протомәтіндері және редакциялық өңделген метамәтіндері алынды.
Зерттеу нәтижелері медиа материалдарында мазмұнды ықшамдау, фактологиялық ақпаратты өзгерту, бағалауыш реңк енгізу сияқты трансформациялар жиі байқалатыны анықталды. Сондай-ақ машиналық аударма құралдарын қолдану мәтіндердің мағыналық дәлдігін төмендетіп, сәйкессіздікдіктерге әкелетіні айқындалды.
Журналистік практикада ақпаратты өңдеу барысында мағыналық дәлдікті сақтау және тілдік нормаларды ұстану бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу зерттеудің практикалық маңызын айқындайды. Зерттеу нәтижелері медиаконтенттің едәуір бөлігі аударма материалдарға тәуелді екенін көрсетеді, бұл өз кезегінде редакциялар мен журналистердің кәсіби жауапкершілігін арттыру мәселесін өзекті етеді.
