«Құланның ажалы» романы және тұлға әлеуеті.
Кілттік сөздер:
роман, көркем әлем, характер, образ, жанр, авторлық ұстаным, адам тағдыры, художественный мир, авторская позиция, судьба человека.Аннотация
Мақалада өзінің дара қолтаңбасымен, шынайы талантымен алпысыншы жылдары әдебиет әлемінде өзгеше өрнек салып, өзіне ғана тән стильмен танылып, аз ғұмырында бір шоғыр дүние қалдырып үлгерген суреткер жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы туралы сөз болады. Романы арқылы шығар¬машылық мүмкіндігін жаңа бір қырынан танытып, қаламгерлік қуатының, суреткерлік шеберлігінің әлі де мол екенін дәлелдеп, Уақыт тынысын, дәуір келбетін заманының соққан желіне қарай жығылмай, шынайы бейнелеп, қоғамның әлеуетін, рухани дағдарысты мейлінше ұтымды, мейлінше табиғи зерделеп, адам өмірінің мәнін, болмысын жан-жақты таразылап, күрделі һәм кесек туынды бере алғаны терең талданып, жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ мақалада Кеңестік қоғам тұсындағы адам өмірінің қайшылықты болмыс-бітімі мен кейіпкер тағдыры сараланып, қоғам және ондағы адам өмірінің мәні, адам – қоғам – адам қарым-қатынасы, оның жаңа заман жағдайындағы сан тарамдалған қалпы жайлы жазушының ішкі жанайқайы, толғанысы бейнеленіп, заман келбеті, дәуір шындығы жайлы айтылады. Статья посвящена творчеству известного казахского писателя Акана Нурманова. Талантливый писатель прожил короткую жизнь, но сумел оставить светлый след в казахской литературе, обладал собственным стилем и чутьем художника, тонко чувствовал время, человеческие судьбы, трагизм своей эпохи. Искуссное перо писателя шестидесятых годов прошлого столетия Акана Нурманова по-особенному рассказывает читателям о жизни на селе, проблемах молодого поколения, открывает неизвестные страницы истории. Крупнейшим произведением в творчестве А. Нурманова был роман «Құланның ажалы» («Гибель Кулана»), в котором автор предстает во всем величии мощного художественного таланта. А. Нурманову удалось с высокой степенью достоверности изобразить состояние общества, духовный кризис, облик непростого и противоречивого времени, проявить смысл жизни и натуру простого человека, живущего в советскую эпоху.Библиографиялық сілтемелер
1 Нұрманов А. Құланның ажалы. Роман. – Алматы: Жазушы,1969. – 221 б.
2 Ысқақ Қ. Келмес күндердің елесі //Жұлдыз, 2008. – №6. – 208 б.
2 Ысқақ Қ. Келмес күндердің елесі //Жұлдыз, 2008. – №6. – 208 б.
Жүктелулер
Как цитировать
Abdymanuly, O., & Shortanbaev, S. (2016). «Құланның ажалы» романы және тұлға әлеуеті. Журналистика сериясы, 34(2). вилучено із https://bulletin-journalism.kaznu.kz/index.php/1-journal/article/view/305
Шығарылым
Бөлім
Журналистика және көркем сөздер