Цифрлық технологиялар дәуіріндегі медиакоммуникацияның мәдени аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v71.i1.8Кілттік сөздер:
мәдениет, қоғам, трансформация, психологиялық коммуникация, журналистика, онлайн БАҚ.Аннотация
Мақаланың зерттеу тақырыбы цифрлық дәуірдегі бұқаралық коммуникацияның адам психологиясына оң және теріс әсерін талдау болып табылады. Қазіргі цифрлық дәуірде коммуникация дәстүрлі медианың пайда болуынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарының конвергенциясына дейін көптеген өзгерістерге ұшырады. Цифрлық технологияларды қолданудың жағымсыз әсерлері мен жанама әсерлері шамадан тыс пайдалану, баланың өсуі мен дамуы үшін қажетті физикалық белсенділіктің шектелуі, балалардың әлеуметтік және тілдік дағдыларының дамуына байланысты оқу үлгерімінің төмендеуі түрінде көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, медиа саласының психологиялық тұрғыда тигізетін зардабы мен зияны орасан зор.
Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты әлемнің озық тәжірибелері мен белгілі ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, бұқаралық коммуникацияның адам психологиясына тигізер зиянын барынша шектеп, керісінше медианың оң әсерін кеңінен насихаттау болып табылады. Себебі, рухани-танымдық бағдарламалар адамның қиялын дамытып, танымын кеңейтсе, ал зорлық-зомбылыққа толы бағдарламалар адамның психологиялық күйреуге ұшырауына себепші болады. Мақаланың негізгі бағыттары мен идеясы бұқаралық коммуникация арқылы адам психологиясына оң әсерін тигізіп, рухани құндылықтарын арттырып, медиа саласын адам жанының рухани өсуіне бағыттау.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы әлемнің озық елдерінің жағымсыз және жалған ақпараттар легімен күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, қазақ журналистика саласында рухани-танымдық, ғылыми-фантастикалық, мәдени, ғылыми бағыттағы хабарлардың адам психологиясына қаншалықты оң әсерін тигізетінін сараптау.
Мақаланың зерттеу әдістемесі: тақырыпты кеңінен ашу үшін, әртүрлі фактілер мен тенденцияларды анықтау және талдау мақсатында зерттеудің мазмұнын сапалы және сандық талдау әдісі қолданылады.
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері, талдау және тұжырымдамасына сәйкес, әр елдің бұқаралық коммуникацияның психологиялық әсері туралы жүргізілген зерттеулерін талдай келе, қазақстандық БАҚ-тың аталмыш мәселе бойынша құнды зерттеулері талданады. Сәйкесінше, автордың маңызды тұжырымдамасы сарапталып, зерттеудің маңызды аспектілері қарастырылады.
Зерттеу жұмыстың маңыздылығы, қазіргі жаһандық дәуірлеу заманында тек ойын-күлкіге құрылған хабарларды ғана көбейтпей, адам психологиясына оң ықпалын тигізетін рухани-танымдық бағдарламалар насихатталса, бірқатар мәселелердің шешілетіні айқындалады.
Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы, бұқаралық коммуникация құралдарының тек көрермен рейтингісін көбейтіп қана қоймай, көрермен қауымның рухани байлығын, танымы мен пайымын кеңейтіп, психологиялық оң әсердің тетігін табу.