Қазақстан медиакеңістігіндегі Қытай елінің Ұлттық имиджі: Қытай зерттеушілерінің көзімен

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.4
        84 112

Кілттік сөздер:

медиакеңістік, ұлттық имидж, Қытай ғалымдары, Қазақстандық БАҚ, қоғамдық пікір, ұлттық мүдде.

Аннотация

Бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат Қытай елі имиджінің Қазақстан медиакеңістігінде қалыптасуы туралы Қытай ғалымдарының зерттеулерін жан-жақты талдауға арналған. Көрші мемлекет зерттеушілерінің ұлттық имидж туралы теориялық тұжырымдамалары да сараланып, оның тәжірибе жүзіндегі қолданысы сарапталған.

Бұл зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы – еліміздегі жетекші БАҚ-тардың көрші елдің ұлттық имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарына сырт елдің ғалымдарының баға беруі мен өз мүдделері тұрғысынан жасаған талдауларын сараптау.

Соңғы он жылдық көлемінде екі елдің қарым-қатынасы өңіртану зерттеулерінің өзегіне айналып, әсіресе, Қытай елі тарапынан Қазақстанның жетекші (дәстүрлі және онлайн) басылымдарындағы ұлттық имиджінің қалыптасу мәселесіне қызығушылық артқан. Осы себепті де автор көрші ел ғалымдарының мақалаларын зерттеу нысанына алып, оларға тақырыптық және мазмұндық зерттеу әдістемелерін қолдана отырып талдаулар жасаған.

Бұл зерттеудің құндылығы автордың Қытай ғалымдарының зерттеу нәтижесінде қазақстандық БАҚ-та Қытайдың бейнесі ынтымақтастықтың сенімді бастамашысы, өзара тиімді әріптес ретінде көрсетілген деген тұжырым жасауында жатыр. Сонымен қатар «Facebook» әлеуметтік желісіндегі қазақ сайттары мен блогерлерінің Қытай елі туралы ақпараттары тақырыптық, мазмұндық, жанрлық жағынан жүйеленіп талданған. Осылайша зерттеуші көрші ел ғалымдарының Қазақстан медиакеңістігіне қатысты жасаған пікірлерінің шынайылық деңгейіне көз жеткізген.

Мақала соңында автор кез келген ел үшін ұлттық имидж мәселесі ұлт болып жұмылып шешер жауапты әрі маңызды шара деген тұжырым жасаған, ал бұл бағытта нақты қандай қадамдар жасалуы тиіс деген сұраққа орай өз ұсыныстарын білдіруі зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын танытады.

Автордың биографиясы

О.Ж. Ошанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.

филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қаласы, Қазақстан, эл.почта: oryntay73@ gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Ошанова, О. . (2024). Қазақстан медиакеңістігіндегі Қытай елінің Ұлттық имиджі: Қытай зерттеушілерінің көзімен. Журналистика сериясы, 72(2), 36–47. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.4

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.