БАҚ-тағы жасанды интеллект тақырыбының көрінісі: төртінші өнеркәсіптік революцияның жетістігі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.7
        101 106

Кілттік сөздер:

БАҚ, жасанды интеллект, төртінші өнеркәсіптік революция, GPS технологиясы, Chat GPT нейрожелісі.

Аннотация

Мақалада БАҚ-тағы жасанды интеллект  мәселелері төртінші өнеркәсіптік революцияның жетістігі  ретінде жан-жақты көрініс табады. Жасанды интеллектің масс-медиа саласына әсері, сондай-ақ оның өз-ара әрекеттесу жағдайларына салыстырмалы тұрғыда  зерттеулер жасалады.

Жасанды интеллект адамның жеке ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін орындайтын компьютерлік құралдар негізінде қалыптасты.  Бұл сала жеке ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Оның басты қызметі қоғамдағы басқару, талдау, салыстыру, ақпаратты синтездеу, болжам мен жорамалдың дұрыстығын дәлелдеу әрі қорытынды шығару болды. 

Зерттеу мақаланың  мақсаты – БАҚ-тағы жасанды интеллект  мәселелерін ғылыми тұрғыда терең талдап-таразылау арқылы, оны Қазақстанның экономикалық бағдарламалық саясатына қатысты төртінші өнеркәсіптік революциясының жетістігі  ретінде қарастыру болып саналады.

            Мақалада жасанды интеллект туралы ғылыми-теориялық еңбектер мен жарияланымдарды талдау арқылы қорытынды жасау және хронологиялық тұрғыда зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің ғылыми-теориялық басты құндылықтары ретінде түрлі медиазерттеулер, сондай-ақ жасанды интеллект туралы жаңа идеялар мен тұжырымдар қолданыс табады. Отандық және шетелдік ғалымдардың жаңа технологиялардың дамуындағы жасанды интеллектің рөлін айқындаудағы анықтамалары мен ғылыми талдаулары сипатталады.

          Мақала  авторлары дәстүрлі БАҚ-тағы жасанды интеллект туралы сараптамалық және талдамалы жанрларда жазылған мақалаларды зерттей отырып, жасанды интеллектің қоғамға тигізер қауіп-қатерлері мен пайдалы тұстарын да терең зерделеуге тырысады.         

          Зерттеудің нәтижелерін БАҚ пен коммуникация саласының тәжірибелік жұмыстарын ілгерілетіп, оны жаңа технологияға бейімдеу және тиімді стратегиялық алғы-шарттарды жүзеге асыру үшін пайдалануға болады.

         ЖИ – адамның ақыл-ойын компьютерде бейнелейтін бағдарламалық жүйе. Бұл терминді алғаш рет 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут университетінде өткен конференцияда Джон Маккарти ұсынған. Ғалым бағдарламалаудың ең алғашқы тілдерінің бірі – липстің негізін салған.

ЖИ адам мен машинаның өз-ара әрекеттесуін жеңілдету үшін маңызды болып, физикалық жұмыс күшін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ЖИ 75%-ы адам орнын алмастырғаны белгілі болып отыр. 2030 жылға қарай әлемде 800 мың адамның орнын робот алмастыруы мүмкін деген де деректер бар.

Авторлардың биографисы

Г. З. Мусабекова, «Тұран» университеті, Қазақстан, Алматы қ.

филология ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің журналистика және аударма ісі кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  gulzhan1564@mail.ru);

А.Ж. Шойбекова, Қазақ ұлттық Медицина Университеті, Қазақстан, Алматы қ.

педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық  Медицина университетінің лекторы  (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  e-mail:  alima-almaty@mail.ru);

Ж. Әлміш, «Тұран» университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Тұран» университеті, (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  e-mail:  zh.almish@turan-edu.kz);

Г. Х. Тулекова, «Тұран» университеті, Қазақстан, Алматы қ.

(корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің журналистика және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта: gulzhan.tulekova123@gmail.com);

З.С. Советова, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан, Алматы қ.

филология ғылымдарының кандидаты, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің қауымдастырылған профессор-оқытушысы, (Алматы қ., Қазақстан, эл. пошта:  e-mail:  zh.almish@turan-edu.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Мусабекова, Г. З. . ., Шойбекова, А. ., Әлміш, Ж. ., Тулекова, Г. Х. ., & Советова, З. . (2024). БАҚ-тағы жасанды интеллект тақырыбының көрінісі: төртінші өнеркәсіптік революцияның жетістігі ретінде. Журналистика сериясы, 72(2), 68–78. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.7

Шығарылым

Бөлім

Журналистика: Қоғам. Тарих. Саясат. Заң. Экономика.