Постшындық дәуіріндегі медиа: антиинтеллектуализм мен популизм салдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.9
        101 84

Кілттік сөздер:

әлеуметтік медиа, қоғамдық сана, фейк, фактчек, манипуляция, пропаганда, антиинтеллектуализм, популизм.

Аннотация

Мақала авторлары постшындық ұғымы жайлы ғылыми тұжырымдарды салыстыра талдай келіп, жалған ақпарат, манипуляция, үгіт-насихаттың қоғамдық санаға әсеріне айрықша назар аударады. Сондай-ақ постшындық дәуіріндегі медиадағы антиинтеллектуализм мен популизм көрінісін бірнеше кезеңге бөліп қарастырады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология дәуірінде «жалған жаңалықтардың» ықпалы мен постшындық дәуіріндегі шынайы ақпаратқа деген сенімнің жоғалуының салдары жайлы тұжырым жасалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – постшындық ұғымы жайлы ғылыми тұжырымдар мен ақпараттық кеңістіктегі популизм, антиинтеллектуализм мәселелеріне талдау.

Зерттеу барысында  әлемдік саясат пен медиакеңістікте соңғы жылдары жиі айтылып, зерттеліп жүрген постшындық дәуіріндегі негізгі тенденциялар жайлы айтылады; медиакеңістікте «жалған ақпараттың» қоғамдық санаға әсері мен ықпалы, оның салдары талданады; сондай-ақ антиинтеллектуализм мен популизмнің медиадағы көрінісіне нақты мысалдар келтіріп, қоғамның қазіргі құндылықтары туралы түрлі пікірлер мен тұжырымдар салыстыра талданады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі – постшындық дәуіріндегі медиакеңістіктегі жалған ақпарат, үгіт-насихат, манипуляция және т.б. әсер ету әдістеріне талдау, БАҚ жарияланымдарына контент, дискурс талдау, салыстырмалы анализ жасау, сондай-ақ жалған ақпаратты тану, әлеуметтік медиа пайдаланушыларының медиасауатын айқындау мақсатында сауалнама алу, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін пайдалану арқылы қорытынды жасау.

Постшындық туралы зерттеулерге салыстырмалы талдау нәтижесінде отандық медиакеңістіктегі репрессия жылдарындағы және тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі ақпарат тарату мен сталиндік билік зардабы бетпердесінің ашылуы бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделенеді. Әлеуметтік медиадағы жалған ақпараттың қоғамдық сана ықпалына мысалдар келтіре отырып, дәстүрлі БАҚ-тың сапасы мен мазмұнын арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Зерттеу нәтижесінде қоғам постшындық дәуіріне қалай және қандай салдармен келгеніміз туралы тұжырым жасалды.

Ғылыми еңбек саясаттану мен журналистика саласындағы пәнаралық байланыста қарастырылатын өзекті тақырыптардың бірі. Әлеуметтік медианың қоғамдық санаға ықпалы мен заманауи журналистика мәселелерін зерттеушілер арасында постшындық дәуіріне қатысты ғылыми зерттеу соңғы жылдары ғана айтылып келеді. Постшындық дәуіріндегі отандық медиада антиинтеллектуализм мен популизмнің салдарын тарихи оқиғалар негізінде жіктеуді зерттеудің ғылыми жаңалығы деуге болады.

Авторлардың биографисы

Г. Есімова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты (Астана Қазақстан, эл.почта:gaukharai@bk.ru);

Г. Әшірбекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

(корреспондент автор) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.(Астана Қазақстан, эл.почта:ashirbekova_75@mail.ru);

З. Ермағанбетова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к.(Қызылорда Қазақстан, эл.почта:zuhra_9195@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Есімова, Г., Әшірбекова, Г., & Ермағанбетова, З. (2024). Постшындық дәуіріндегі медиа: антиинтеллектуализм мен популизм салдары. Журналистика сериясы, 72(2), 93–103. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.9