Қазіргі жағдайда копирайтерлер қызметін жандандыру принциптері

Авторлар

  • Г.С. Амангелдиева Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ. https://orcid.org/0000-0002-6107-7824
  • Д.О. Байгожина Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ. https://orcid.org/0000-0003-3329-4589
  • К.А. Пронич Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ. https://orcid.org/0009-0008-9414-2136

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.7
        53 16

Кілттік сөздер:

копирайтинг, рерайтер,AIDA, PAS, FAB, РРРР, ВАВ.

Аннотация

Мақала журналистика, қоғаммен байланыс саласында оқитын студенттер мен жас мамандарға көмекші құрал болатын теориялық деректерді қамтиды. Зерттеудің мақсаты копирайтер мен рерайтер үшін сатылымдық мәтін жазудың түріне, әдісіне анықтама беру және нақты мысал негізінде түсіндірмелі талдау жасау. Мақсатқа сай авторлар көптеген деректерге зерделеу жүргізіп, мәтін жазудағы копирайтинг формулаларына талдау жасап, анықтама беру міндетін алға қойған. Авторлар мақалада талдау, сараптау, зерделеу әдістерін кеңінен қолданған. Танымал копирайтерлердің еңбектерінен мысал келтіру арқылы мәтін жазу формулаларын толықтыра түскен. Зерттеудің ғылыми маңызы коммерциялық мәтін жазудың құрылымдары сарапталуы, тұжырымдарға сүйене нықты мысалдармен анықтамалар берілуінде. Ал практикалық маңызы коммерциялық мәтін жазуды салаларға бөлу арқылы кеңінен ашып түсіндірілуі мен алгоритмдердің келтірілуінде. Мәселен, бизнес жобаларды жазуда биржалық сайттар мен Emle.kz, Atau.kz, Termincom.kz, орыс тілді Text.ru, Advego.ru секілді сайттарының маңыздылығын сараптайды.Коммерциялық мәтін жазудың әдістері - CTA құру жолдары, электрондық пошта үшін мәтін жазу үлгілеріне жете тоқталған. SEO копирайтерлер тек ойды анық айтып қана қоймай, мәтіндегі кілт сөздер мен сөз тіркестерін сауатты қолдануға қажетті алгоритмдерді меңгеруі тиіс. Сондықтан авторлар мақалада сатылымдық мәтін жазудың негізгі AIDA, PAS, FAB, РРРР және ВАВ  формулаларына жете тоқталып, ғылыми тұжырымдама берген.

Зерттеу коммерциялық мәтінді жазудың әдісі мен құрылымын түсіндіру барысында келтірілген нақты мысалымен құнды. Авторлар осы тұста тұжырымды қарапайым тілмен түсіндіруге тырысқан. Бұл копирайтингті енді түсініп келе жатқан ізденуші үшін аса маңызды. Қоғаммен байланыс және журналистика саласының мамандары мақалада келтірілген мысалдар негізінде сатылымдық мәтін жазуға машықтана алады.

Авторлардың биографисы

Г.С. Амангелдиева, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.

Амангелдиева Гулмира Сабыровна (корреспондет автор) – PhD, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қазақстан, Қарағанды, e-mail: gulmira.sabyr@mail.ru);

Д.О. Байгожина, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Байгожина Дана Омирбековна – PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті телерадио және қоғаммен байланыс кофедрасының доценті м.а. (Қазақстан,  Астана, e-mail: baigozhina777@mail.ru);

К.А. Пронич, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.

Пронич Кира Андреевна – магистр, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, журналистика кафедрасының оқытушысы (Қазақстан, Қарағанды, e-mail: likh1997@mail.ru).   

Жүктелулер

Как цитировать

Амангелдиева, Г. ., Байгожина, Д. ., & Пронич, К. (2024). Қазіргі жағдайда копирайтерлер қызметін жандандыру принциптері. Журналистика сериясы, 74(4), 85–98. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v74.i4.7