«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының әлеуметтік медиадағы креативтілігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.13
        81 84

Кілттік сөздер:

медиа, телеарна, әлеуметтік желі, креативті индустрия, мақсатты аудитория

Аннотация

Бүгінгі таңда әлеуметтік желіде кез келген телеарнаның парақшалары бар. Маңызды деген ақпараттарды оқырмандары мен тыңдармандарына да сол парақшалармен таныстырып отырады. Бұл журналистикатану саласында операктивтілік, жылдамдық көрсеткішінің біріне саналып, кез келген жерден ақпарат қабылдауға мүмкіндік береді.  Осылайша, бүгінгі таңда ақпаратты тек масс медиада ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желіде тарату ковергентті журналистиканың бір бөлігіне айналды десек болады.

Мақалада «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшаларының талдай отырып, оның креативтілігі сараланады. Осы арқылы оның мақсатты аудитория жинап, телекөрермендерін тартуда нендей қызметтер атқарып жатқандығы сараланады.

Зерттеудің мақсаты – «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі жұмысын саралай отырып, оны зерттеу. Бұл мақалада телеарнаның Instagram, YouTube және Telegram арналары салыстырылып баға беріледі. Зерттеуде осы сала мамандарының ғылыми еңбектері негізінде қарастылылмақ. Жалпы әлеуметтік желідегі телеарнаның бет-бейнесі телекөрермендер жинауға қаншалықты қауқарлы екендігі де анализделеді.

Зерттеудің ғылыми идеясы – телеарнаның бүгінгі таңдағы креативті индустриядағы орынын оқырмандарға таныстыра отырып, әлеуметтік желідегі оның формасының айырмашылықтары мен артықшылықтарын бағамдау. Осы арқылы әлеуметтік желідегі негізгі теорияларға ғана емес, сонымен бірге оның практикалық деңгейде қолданылуы да қарастырылу жоспарда бар. Жалпы алғанда телеарнаны әлеуметтік желідегі аудиторияға таныстыру мүмкіндіктері де бағамдалады.

Зерттеу жұмысында эмпирикалық зерттеуге негізделіп, дедуктивті және индуктисті логиканы басшылыққа алады. Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, телеарна әлеуметтік желілері арқылы да өздеріне көрермен жинап отырғандығын көрсетеді. Бұл «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының заман талабына сай, түрленіп келе жатқандығын көрсетеді.

Әлеуметтік желіде жұмыс жасап, тұрақты оқырмандарды тарту – заман талабы. Себебі, ол кез келген салада өзіндік қолтаңбасын сақтай отырып, оның шығармашылық еркіндігіне жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы қоғамның сұранысы бойынша телеарналардың әлеуметтік желідегі парақшаларының болуы оның заманмен үйлесімділігінің көрінісі десек болады. Осылайша, бұл телеарнаға тұрақты оқырмандарды қызықтырумен қатар, оларды тұрақты көрермендерге айналуына да көмектеседі деп айта аламыз.

Автордың биографиясы

А.М. Тлепова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

(корреспондент автор) – әлеуметтік ғылымдар магистрі, Журналистика және саясаттану факультеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан, эл.почта: tlepova.alua@gmail.com);

Жүктелулер

Как цитировать

Тлепова, А. . (2024). «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының әлеуметтік медиадағы креативтілігі. Журналистика сериясы, 72(2), 136–145. https://doi.org/10.26577/HJ.2024.v72.i2.13